Соңғы бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқан. Ұстаздардың еңбекақысы екі есе көбейіп, қоғамдағы мәртебесі айтарлықтай көтерілді. Ел бойынша 1200 жаңа мектеп, соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи білім ордалары ашылды.
Ғылымға да айрықша қолдау көрсетіліп отыр – соңғы бес жылда ғылымға бөлінген қаржы 5 есе өсті. Қазақстанда шетелдің 33 беделді жоғары оқу орнының филиалдары жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы ұлт саулығын жақсарту бағытында да нақты нәтижелер бар екенін айтты. 2020 жылдан бері медицина саласына бөлінетін қаржы 3 есе артқан, 927 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, ал елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау, ұлттық бірлікті нығайту және ел әлеуетін арттыру жолындағы реформалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.
Республика күні – Тәуелсіздігіміздің бастауы мен мемлекетіміздің қуатын айшықтайтын мереке.
Еліміз өркендей берсін, Қазақстанның жарқын болашағы – бірлікте және еңбекте!