Қауіпсіздік – басты назарда!

Авторы:

13.10.2025

Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қауіпсіздік – басты назарда!» (Есірткі, буллинг, табиғи апаттар мен өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары) тақырыбымен 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Жолдас, Абай АПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Абдрахманов Нұрхан, Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасы маманы Мурат Мамедов, мектеп директоры Жайлаубаева Ақтолқын Ақжолқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі Темиршикова Хабиба Турсуншиковна қатысты.

Мақсаты:

• Оқушыларды есірткі заттарының зияны туралы хабардар ету, олардан аулақ болуға тәрбиелеу;

• Буллингтің (қорлаудың) түрлерін, оның салдарын түсіндіру және оған қарсы әрекет ету жолдарын үйрету;

• Жер сілкінісі мен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;

• Қауіпсіз өмір салтын ұстануға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Қауіпсіздікке бағытталған бұл жиналысоқушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін факторлар туралы ақпарат беруді, сондай-ақ олардың алдын алу жолдарын үйретуді мақсат ететін іс-шара. Аталған жиналыста есірткі заттарының зияны, мектептегі қорлау (буллинг), жер сілкінісі мен өрт сияқты төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету ережелері қарастырылды. Жиналыс балалардың психологиялық, физикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жиналыс барысында оқушылар есірткі заттарының зияны, буллингтің түрлері мен оның психологиялық әсері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, жер сілкінісі мен өрт кезінде өзін-өзі қалай қорғау керектігін үйренді. Жиналыс ашық сұхбат, видеоматериалдар мен нақты өмірлік мысалдар арқылы өткізіліп, оқушылардың қауіпсіздік туралы ой-санасын арттыруға бағытталды.

Жиналыс барысында Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Жолдас, Абай АПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Абдрахманов Нұрхан мырзалар «Есірткі өмірге қауіпті!», «Буллинг деген не?» деген тақырыппен баяндамалар оқып, есірткінің түрлері мен зияны туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, қысқа видеослайд көрсетіліп, «Неге жастар есірткіге әуес болады?» тақырыбында ой бөлісті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темиршикова Хабиба Турсуншиковна буллингтің анықтамасы, түрлері, буллингке тап болғанда не істеу керектігі, кімге айту қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының маманы Мурат Мамедов жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекеттер, қауіпсіз орындар, эвакуация жолдары, өрттің шығу себептері, өрт болған кездегі эвакуация ережелері, 101 қызметіне қалай хабарласу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.