Оқушылар халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

Авторы:

06.10.2025

Табандылықтың, жігердің және рухтың шыңдалу мектебі спорт екені белгілі. Ол жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, мақсатқа жету жолында еңбек етуге, намыс пен жеңіске деген жігерді арттыруға тәрбиелейді. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебінің жас спортшылары осы қасиеттерді бойына сіңіріп, биік белестерден көрініп келеді. Әсіресе, халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда оқушылардың жеңісі – мектеп ұжымы мен ата-аналар үшін зор қуаныш әрі мақтаныш. Аталған білім ордасының оқушылары Алматы қаласында өткен 2010-2017 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан халықаралық ашық турнирде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ,

 І орынНұрлан Марғұлан, 7 «Ә» сынып оқушысы

ІІ орынНұрқожа Елдар, 7 «Ә» сынып оқушысы

ІІІ орынАбдыкәдір Асылжан, 8 «А» сынып оқушысы

Сонымен қатар, жас спортшы, 6 «А» сынып оқушысы Ақару Исахан екі бірдей сайыста үздік нәтиже көрсетті. Тлемисов Тұрсын Жолболдыұлын еске алуға арналған еркін күрестен облыстық ашық біріншілікте (2011-2012 ж.т.) ІІ орын алса, Әмірхан Шәдиевті еске алуға арналған еркін күрестен республикалық ашық турнирде (2011-2012 ж.т.) ІІІ орынды иеленді.

Айта кету керек, бұл аталған білім ордасының оқушыларының спорттағы алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін де №97 мектептің жас спортшылары түрлі деңгейдегі өзге де спорт түрлерінен өткен жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, мектеп беделін асқақтатып келеді.

 №97 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары «Үстел теннисі орталығының» ашық біріншілігінде жоғары дайындық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Ұлдар арасында Есенгелді Нурали мен қыздар арасында Ажмухан Шұғыла 1 орынды иеленсе, Серік Нұрай ІІІ орын иегері атанды. Сонымен қатар Джохонгир Ұлжан, Қуанышбек Аслан, Абдухашим Ислам, Марат Айару, Болат Мирас, Рүстембек Айкөркем ашық біріншілікте өнер көрсетіп, қатысқан үшін алғыс хатпен марапатталды.

Бұл жеңістер – оқушылардың үздіксіз еңбегі мен табандылығының, алға қойған мақсаттарына жету жолындағы талпынысының нәтижесі. Әрбір жеңіс – жаттықтырушылар мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің, тәртіп пен ынтымақтың жемісі. Жас спортшылардың бұл табыстары өзге оқушыларға да үлгі болып, спортқа деген қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз.