Қазіргі таңда білім беру жүйесі жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, елжанды тұлға қалыптастыруды көздейді. Осы орайда, Шымкент қаласындағы №137 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Бастауышта тәрбие тұтастығы: құндылыққа бағытталған білім беру жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – бастауыш сыныпта тәрбиені білім беру үдерісімен өзара ұштастыра отырып, оқушылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлғалық дамуын жетілдірудің тиімді жолдарын қарастыруға, білім берудің тиімді жолдарын талқылауға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Бағдарлама аясында қатысушылар үшін ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды. Бұл іс-шара мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие үдерісінде құндылыққа бағытталған білім берудің тиімді тәжірибелерін таратуға және әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Мұғалімдер құндылыққа бағытталған білім мазмұнын кіріктірудің заманауи тәсілдерімен, оқу мен тәрбиенің өзара байланысын күшейтудің тиімді жолдарымен, сондай-ақ тәрбиенің ұлттық және рухани-адамгершілік рөлін арттыру тәжірибелерімен танысты. Семинар барысында қозғалған тақырыпқа қатысты озық тәжірибелер ұсынылып, ашық сабақтар өткізілді. Қатысушылар оқушылардың бойында отансүйгіштік, мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық сияқты негізгі құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған әдістемелік идеялар мен кәсіби тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, жұмыс түрлері жайлы жаңа бағыттарды бірге талқылады. Жоғары деңгейде өткен іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Қорытынды сөз барысында ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар педагогтардың кәсіби өсуіне, тәжірибе алмасуына және оқу-тәрбие үдерісінде құндылыққа бағытталған білім беруді тиімді жүзеге асыруына зор мүмкіндік беретінін айрықша атады.
Сондай-ақ, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, семинар барысында алған жаңа тәжірибе мен пайдалы ақпараттардың кәсіби қызметтерінде үлкен пайдасын тигізетініне тоқталды. Олар болашақта осындай мазмұнды, тәжірибе алмасуға бағытталған кездесулердің жиі ұйымдастырылуына ниет білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.