«Мамандықтан шеберлікке – шеберліктен жеңіске!»

Авторы:

23.10.2025

Шымкент қаласындағы Индустриалды-техникалық колледжі базасында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және 25 қазан – Республика күніне орай «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шараның ашылу салтанаты колледждің акт залында салтанатты түрде ұйымдастырылып, байқауға қатысушыларға оқу орнының заманауи материалдық-техникалық базасы, оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары таныстырылды. Байқаудың басты мақсаты жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу, инновациялық идеяларды насихаттау және жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін көтеру болды.

Аймақтық сайысқа Шымкент қаласы, Қызылорда облысы және Түркістан облысының колледждерінен өндірістік оқыту шеберлері қатысты:

Юлдашев Ихтияр – Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі;

Ыстамқұл Саят Абайұлы – Энергетика және байланыс колледжі;

Адашев Шерзод – Шымкент аграрлық-техникалық колледжі;

Башаров Қайрат Маратұлы – Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі;

Тойымбетов Дулат – Индустриалды-техникалық колледжі;

Юлдашев Бахрид – Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі;

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, нәтижесінде I орынды Башаров Қайрат Маратұлы (Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі), II орынды Ыстамқұл Саят Абайұлы (Энергетика және байланыс колледжі), III орынды Адашев Шерзод (Шымкент аграрлық-техникалық колледжі), ІII орынды Юлдашев Бахрид (Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі) иеленді.

Сонымен қатар, арнайы номинациялармен марапатталғандар:
– «Жаңашыл дәнекерлеуші» – Тойымбетов Дулат (Индустриалды-техникалық колледжі)
– «Шығармашыл дәнекерлеуші» – Юлдашев Ихтияр (Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі)
.

Байқау аясында Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары «Ашық есік күні» шарасы барысында колледжге келді. Болашақ талапкерлерге колледждің оқу кабинеттері, өндірістік шеберханалары мен зертханалары таныстырылып, оқытылатын мамандықтар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар кәсіби шеберлік байқауының қызықты сәттерін тамашалап, дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша шеберлердің көрсетілімдерін көріп, өз көздерімен тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара жас буынды техникалық және жұмысшы мамандықтарға қызықтыру, олардың еңбекке деген ынтасын арттыру және кәсіби бағдар беру бағытында үлкен маңызға ие болды.