Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының оқушыларынан құрылған “Nauryz” командасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Dubai FIRST Off-Season жобасы аясындаөткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық жарысында “CORE VALUES AWARD WINNER” номинациясы бойынша 1-орын иеленді.
Бұл байқау 2025 жылғы 24–28 маусым аралығында қолданбалы ғылым, технология және инновациялық білімге бағытталған жетекші оқу орындарының бірі — Rochester Institute of Technology (RIT) Dubai базасында өтті.
Шымкенттік жеңімпаз команданың жетекшісі Беклан Момынбайұлы Тастанбек. Ал, команданың құрамында Іңкәр Абай, Аян Нұрсұлтан, Айсұлтан Қожамұрат болды.
Бұл жеңіс — жас өрендердің білімге, ғылым мен технологияға деген қызығушылығы мен табандылығының, сондай-ақ жүйелі дайындық пен шығармашылық ойлаудың нәтижесі.