2025 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Қазақстанда дәстүрлі «Гендерлік және отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы өтіп жатыр. Бастаманың мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейту.
Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда. Біздің бөлімше мамандары тұрғындармен кездесіп, құқықтық кеңес беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар ақпараттық парақтар таратылып, жәбірленушілерге қолдау көрсету тетіктері түсіндірілуде. Мамандардың айтуынша, мұндай акциялар қоғамда зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» ұстанымын қалыптастыруға және адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Акция 10 желтоқсан – Адам құқықтары күніне дейін жалғасады.
Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері