Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұнды кездесу ұйымдастырылды

Авторы:

25.11.2025

Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне айналуы тиіс. Қазіргі таңда адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік секілді құндылықтарды қалыптастыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі болып саналады. Әсіресе, жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, парасаттылық қағидаттарын бойына сіңіру – қоғамның болашағын жемқорлықсыз қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында түрлі кездесулер, тренингтер, семинарлар ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде комплаенс офицері А.Шалдарбековтың ұйымдастыруымен және педагогтер мен студенттердің қатысуымен «Адал азамат» қағидаты талқыланған мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шараға арнайы шақырылған спикер «Алтын Орда» қайырымдылық қоғамдық қорының өкілі, заңгер, кәсіби медиатор және волонтер Айжан Кесебай қатысушыларға адалдық, әділдік, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениеттің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол адамгершілік қағидаттарын ұстанудың әр азаматтың борышы екенін, сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, қоғамда әділдік қағидатын орнықтыру мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер заңсыз әрекеттердің салдары, азаматтық ұстанымның маңызы, жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасуға белсенді қатысты.

Спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, дроперлер мен сталкинг мәселелерін де түсіндірді. Бұл мысалдар арқылы ол жастарға цифрлық қауіпсіздік, құқықтық жауапкершілік және өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала ойлаудың маңызын көрсетті.

Кездесу студенттерге адалдық пен парасаттылықтың өмірдегі рөлі туралы терең түсінік қалыптастырып, олардың азаматтық позициясын нығайтуға зор ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырып, әділ қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.