Физика, информатика және жасанды интеллект: болашақ технологиялары

Авторы:

30.11.2025

2025 жылдың 28 қарашасында Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің оқу залында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушылары К.Арыкова мен Ж.Балабаеваның ұйымдастыруымен «Физика, информатика және жасанды интеллект: болашақ технологиялары» атты интеллектуалдық ойын өтті. Іс-шара «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Шараның негізгі мақсаты – студенттерді физика, информатика және жасанды интеллект саласындағы қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру, сондай-ақ ЖИ технологияларын білім беру үдерісінде қолданудың тиімділігін көрсету. Сонымен қатар, сайыс арқылы студенттердің логикалық ойлау қабілетін, теориялық дайындығын, жылдам шешім қабылдау дағдыларын шыңдау көзделді.

Интеллектуалдық ойынға үш колледждің білімді де белсенді студенттері қатысып, өз командаларының намысын қорғады: Атап айтар болсақ:

М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі. Жетекшілері: Серибаева Ғ.М., Арыкова К.А., Балабаева Ж.А. Қатысушылары: Оралбек Жанель, Нәсіпбек Жанель, Әбіл Айжан;

Политехникалық колледж. Жетекшілері: Жумабаева Меруерт, Сырабекова Гүлдана. Қатысушылары: Шамсиддин Ұлжалғас, Ерғазы Әли, Ибраиым Дінмұхаммед;

Жол-көлік колледжі. Жетекшісі: Кожаева Айжан.
Қатысушылары: Биболатов Даниял, Куанишбаев Алдияр, Хусаин Бекболат.

Командалар бір-бірімен тартысты бәсекеге түсіп, өздерінің теориялық білімдері мен шығармашылық ойлауын көрсетті. Нәтижесінде I орынды Жол-көлік колледжі, II орынды М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжі, III орынды Политехникалық колледж иемденді. Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды.

Бұл интеллектуалдық ойын студенттердің пәндік білімін тереңдетіп қана қоймай, заманауи технологияларды түсінуге деген қызығушылығын арттырды. Әсіресе жасанды интеллекттің күнделікті өмірдегі және ғылымдағы рөлі туралы ақпарат студенттерге болашақ мамандық таңдауда бағыт берді. Шара ынтымақтастықты, командалық рухты, ізденіске құштарлықты қалыптастыруға ықпал етіп, болашақ мамандардың білімін практикамен ұштастыруға мүмкіндік берді.

«Физика, информатика және жасанды интеллект: болашақ технологиялары» атты интеллектуалдық ойын студенттердің білімін бағалап қана қоймай, олардың жаңа технологиялар әлеміне деген қызығушылығын оятқан маңызды шара болды. Мұндай жобалар техникалық және ақпараттық салаларға ерекше қызығушылық танытатын жас буынның дамуына серпін бермек.