ҚОҒАМНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЗАҢГЕРІ

Авторы:

19.02.2026

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар, солардың бірегейі заңгерлік.

Орталық Азия инновациялық университетінде «Бизнес және құқық» факультетіне қарасты «Құқық» кафедрасында «Құқық», «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер»  білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады.

«Құқық» кафедрасында «Құқық», «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер»  білім беру бағдарламалары бойынша мамандар Қазақстан аймағының еңбек нарығы үшін білімді, бәсекеге қабілетті және ұлтжандылыққа тәрбиеленген мамандар дайындау мақсатында білім беру қызметтерінің сапасын үнемі жақсарту мақсатында даярланады. «Құқық» кафедрасында «Құқық», «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер»  білім беру бағдарламалары еліміздің құқықтық мемлекеттілігін жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, білім алушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылатуды мақсат етеді. Ұлттық құқықтың жетекші салаларында кәсіби құзіреттілікті толық игеріп, сапалы кәсіби білім алу үшін жағдайлар жасайды.

Қазіргі қазақстандық қоғамда заңгерлер мен заң ғылымының рөлі табиғи түрде артып келеді. Қоғамда құқық әлеуметтік қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Заң ғылымының рөлінің артуы тәуелсіз мемлекет құрумен, сондай-ақ қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүргізіліп жатқан реформалармен байланысты.

Университетімізде «Құқық», «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша білікті профессор-оқытушылар қызмет атқарады.

2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап  Орталық Азия Инновациялық Университеті жанынан Шымкент қаласы бойынша «SR тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың Қазақстандық Лигасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің өкілдігі ашылған. Сонымен қатар, университет ішінде кәсіби медиатор кабинеті жұмыс істейді.

Орталық Азия инновациялық университеті «Бизнес және құқық» факультетіне қарасты «Құқық» кафедрасында «Құқық», «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер»  білім беру бағдарламаларының білім алушылары медиация бойынша білімдерін жетілдіріп, арнайы сертификат иеленеді.

 Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқық» кафедрасы