Жаңа оқу жылында қаладағы мектептер маңында полиция бақылауы күшейтіледі

Авторы:

21.08.2025

Полиция қызметкерлерінің міндеті – жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бвлалар тіпті қажет болған жағдайда тәртіп сақшыларына тікелей  жүгіне алады. Олар полиция қызметкерлерінен қолжетімді және сервистік полиция, «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүрудің негізгі қағидаларына қатысты керекті кеңестерін алады.

Биылғы 2025–2026 оқу жылы басталғаннан Шымкент қаласының барлық мектептері маңында оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаратын болады. Олар мектептердің жанында тәртіпті бақылап, балалардың мектеп аумағына қауіпсіз өтуіне көмектеседі.

Полиция департаменті басшылығының арнайы нұсқауына сәйкес, қызметкерлер оқушылардың таңертең және сабақ аяқталған кезде мектепке келуі мен үйлеріне аман-есен жетуіне барынша жағдай жасайды. Жолдан өту кезінде балаларға бақылау жүргізіп, жүргізушілердің жол ережелерін сақтауы қатаң қадағаланады.

Бұл шаралардың басты мақсаты – мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын сақтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және мектепке барар жолдағы қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуге бағытталған. Осы ретте, жүргізушілердің назарына жылдамдықты межеден асырмай, жол ережелерін сақтап жүруге, жаяу жүргіншілер жол жағдайын ескеріп, тек белгіленген орыннан өту қажеттігін ескертеді.

Жол белгілері көлікті жолда жүру кезінде қауіпсіз ортаны құруда маңызды рөл атқарады. Олар жүргізушілерге жолда кез келген қауіптің жақындағанын бағдарлауға көмектеседі және оларды кешірілмейтін кемшіліктерден сақтайды. Қауіпті ескерту, белгілер адамды кездейсоқ апаттан, ал көлікті аяқасты істен шығудан сақтайды. Көбінесе жүргізушілер арасындағы қақтығыстар көліктің жүру жолында туындауы мүмкін.