2026 жылғы 11–13 тамыз аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз!» атты ақпараттық акциясы өтуде.
Акция барысында Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ қызметкерлері тарапынан тұрғындар арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда:
• тұрғындармен кездесулер өткізіліп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
• азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері түсіндірілді;
• зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда полицияға жүгіну тәртібі және уәкілетті органдарға хабарласу жолдары түсіндірілді;
• отбасылық жанжалға бейім және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау қаупі бар тұлғалармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді;
• қолайсыз отбасылармен және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды;
• тұрғындарға қорғау нұсқамасы, ерекше талаптар белгілеу және заңнамада көзделген өзге де қорғау шараларының мәні түсіндірілді;
• азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, қажет болған жағдайда әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсететін тиісті қызметтерге жүгіну мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды;
• зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау және оның алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
• азаматтардан келіп түскен мәселелер мен өтініштер назарға алынып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті түсіндірулер берілді.
Акция барысында тұрғындарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар беріліп, қауіп төнген жағдайда көмек сұраудан тартынбау қажеттігі түсіндірілді.