ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Өнбейтін дауды қуып, өрісімізді кеңейте алмаймыз»

Авторы:

27.08.2026

ҚР Президенті Қ.Тоқаев:
«ӨНБЕЙТІН ДАУДЫ ҚУЫП, ӨРІСІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕ АЛМАЙМЫЗ»
"– Аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты жою қажет.
...Әсіресе, тиісті министрлік пен әкімдік Түркістан облысындағы ахуалға назар аударуы керек. PISA ұйымының зерттеуі де Түркістан облысындағы білім сапасының мәз емес екенін көрсетті. Бұл – аймақтың оқу-ағарту жүйесінде олқылықтар әлі бар деген сөз.
– «Келешек мектептері» инновациялық шешімдерді енгізу және ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқаруы керек.
...Алдағы үш жыл ішінде «Келешек мектептері» білім берудің озық тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталыққа айналуға тиіс.
– Балалардың болашағы үшін алаңдап, ұтымды ұсыныстар білдіру – бір бөлек әңгіме. Ал жанашыр болып емес, жақсы атты болу үшін пікір білдіру – тіптен басқа мәселе. Өнбейтін дауды қуып, өрісімізді кеңейте алмайтынымыз анық. Қазір бос, бұрыс сөздің уақыты емес, нақты, дұрыс істің дәуірі. Осыны ескерген жөн".