Түркістан: туризммен тыныстайтын уақыт келе жатыр

Авторы:

21.08.2026

Түркістанда ауыл туризміне жаңа серпін беріліп, тарихи мұра мен табиғи көрікті жерлерді туристер үшін тартымды нысандарға айналдыруға басымдық берілуде. Өңірде ауылдық жерлердің табиғи, тарихи жəне мəдени əлеуетін экономикалық мүмкіндікке айналдыру бағытында нақты жобалар қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс əкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында.

Түркістан – тарихы терең, табиғаты көркем, туристік мүмкіндігі мол өңір. Бір аумақта көне қалалар мен тарихи кесенелер орналасса, енді бірінде таулар мен шатқалдар, өзендер мен көрікті ауылдар бар. Осы əлеуетті тиімді пайдалану арқылы туризмді өңір экономикасы ның маңызды драйверлерінің біріне айналдыру көзделіп отыр. Қазіргі таңда облыс əкімдігі отандық инвесторлармен бірлесіп, бірқатар жобаны пысықтауда. Өңір басшысының ұстанымы – ауылдың дамуын тек инфрақұрылым тартумен шектемеу. Ауылдың табиғаты, тарихы, қолөнері, ұлттық тағамы мен өзіндік өмір салтының өзі туристік өнімге айналуы тиіс.

Облыс əкімі оңтүстіктен шыққан кəсіпкерлерді, туған жерінің дамуына жанашыр инвестициялық мүмкіндігі бар азаматтарды осы іске белсенді атсалысуға шақырады. Өйткені ауылдың туристік əле уетін ашу – жаңа демалыс орындарын қалыптастырып қана қоймай, жергілікті халыққа табыс табуға мүмкіндік береді. Басты мақсат – туристің өңірге келіп, бір нысанды көріп қайтуы мен шектелмей, бірнеше күн аялдауына жағдай жасау. Ол үшін қонақ үйлер, визит-орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары, этноауылдар, демалыс орындары, мəдени жəне білім беру кеңіс тіктері қатар дамуы қажет.

Осылайша Түркістан облысында туризмнің жаңа моделі қалыптасып келеді. Оның өзегінде – тарихы терең Түркістан, табиғаты сұлу ауыл тұр. Енді өңірге инвестиция салуға дайын кəсіпкерлер керек.

– Түркістан облысы – тарихы терең, рухани мұрасы бай, табиғи əлеуеті жоғары жəне туризмді дамытудың мүмкіндігі мол өңір. Бүгінде облыста туризмді жаңа деңгейге көтеру, туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту жəне жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Біз туризмді тек туристер санын арттыру бағыты ретінде емес, өңір экономикасының маңызды драйверлерінің бірі ретінде қарастырамыз. Себебі туризм дамыса қонақүй, тамақтану, көлік, сауда, қызмет көрсету, қолөнер секілді көптеген сала қатар дамиды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты мемлекеттік органдардың ғана міндеті деп қарамаймыз. Жеке кəсіпкерлердің, инвесторлардың, қоғамдық жəне қайырымдылық ұйымдардың белсенді қатысуы өңірге жаңа серпін береді, – деді Нұралхан Көшеров.

Өңірде туризмді дамыту жаңа нысандар салумен ғана шектеліп отырған жоқ. Тарихи нысандарға жаңа көзқарас қалыптасып, тарихи-мəдени мұраны сақтауға көңіл бөлініп қана қоймай, оны заманауи туристік өнімге айналдыруға да басымдық берілуде. Туризм саласында тəжірибесі бар «Pana Asia» ЖШС Түркістан облысында бірнеше жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Компанияның өңірдегі бастамалары тарихи-мəдени мұраны жаңғырту. табиғи аумақтарды туристік айналымға енгізу жəне заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастыруды қамтиды. Соның ішінде Ақмешіт – Ишан базар тарихи-архитектуралық кешенін «мешіт – музей – кітапхана – мəдени-ағартушылық орталық» үлгісіндегі заманауи рухани-мəдени кеңістікке айналдыру ұсынылып отыр.

Ал Шаяндағы Аппақ Ишан медресесін медресе, кітапхана, музей жəне зерттеу орталығын біріктіретін білім мен руханият ордасы ретінде дамыту көзделуде. Бұл нысандарды бір туристік бағытқа біріктіру арқылы Түркістан облысының рухани жəне білім беру туризмінің жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкіндік бар.

Өңірде тау туризмін дамытуға да ерекше мəн берілуде. Қасқасу мен Сайрам-Өгем бағыттарында туристерге қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға арналған жобалар пысықталуда. Қасқасу аумағында заманауи визит-орталық, этно-кофейня, демалыс аймағы жəне автотұрақтан тұратын кешен құру ұсынылған.

Сайрам Өгемде де туристер үшін ақпараттық жəне сервистік орталық құру көзделіп отыр. Мұнда этно-кофейня, демалыс аймағы мен автотұрақ қарастырылған. Мұндай нысандар туристер үшін жай ғана аялдама емес, табиғатпен таныстыратын, жергілікті мəдениет пен гастрономияны насихаттайтын «туризм қақпасына» айналмақ. Облыстың басты артықшылығы – табиғи жəне тарихи ресурстардың бір өңірде тоғысуы. Сондықтан да тарихи-табиғи тартым ды өңірде біртұтас туристік экожүйе қалыптастыруға күш салынбақшы. Яғни турист Түркістан қаласынан шығып, Отырар, Сайрам Өгем, Касқасу, Төлеби, Кентау жəне басқа да бағыттарға саяхаттай алатындай бірыңғай туристік маршруттар мен сапалы сервис қалыптастыру көзделуде.

Отырарда туристік визит-орталық, кітапхана, қонақ үй жəне глэмпингтерді қамтитын кешен құру жобасы қарастырылуда. Бұл бастама туристердің Отырарда болу уақытын ұзартып, тарихи-археологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Кентау маңындағы Хантау аумағында да туристік жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – табиғи аумақты отбасылық жəне белсенді демалысқа бейімдеп, жаңа туристік бағыт қалыптастыру.

Туризмнің экономикалық əсерін ауылдық жерлерге дейін жеткізу – өңірдегі басты міндеттердің бірі. Ауылда қонақүй ашылса – жаңа жұмыс орны пайда болады. Турист жергілікті асханадан тамақтанса – ауыл кəсіпкерінің табысы артады. Қолөнершінің бұйымын сатып алса – ұлттық өнерге қолдау көрсетіледі. Ал ауылдың табиғаты туристік маршрутқа енсе, жергілікті тұрғындар үшін жаңа кəсіп бастауға мүмкіндік туады. Сондықтан Түркістан облысында туризмді дамыту – тек турист қабылдайтын нысандар салу емес. Бұл – ауылды дамыту, жергілікті кəсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, тарихи-мəдени мұраны сақтау жəне өңір тұрғындарының табысын арттырудың тиімді тетігі.

Түркістанның туристік əлеуеті – тек тарихи қалаларында емес, əр ауылдың табиғатында, мəдениетінде, тарихы мен дəстүрінде. Ендігі міндет – осы байлықты сақтай отырып, оны жаңа туристік мүмкіндіктерге айналдыру.

Дереккөз: Түркістан облысы əкімінің баспасөз қызметі