«Оң қол»: оқырман ойы тоғысқан әдеби кездесу

Авторы:

13.09.2026

Шымкент қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және "Серпіліс" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып келе жатқан "Кітап TIME" әлеуметтік жобасы қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени дамуына ықпал етіп келеді.
Кезекті әдеби кездесу Абай атындағы орталық кітапханада өтті. Онда қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесінің идеялық өзегі кеңінен талқыланды. Жиын барысында қатысушылар шығарма мазмұны мен автор көтерген мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.
Рухани кеш соңында шығарма жайында үздік ой-пікір білдірген белсенді қатысушыларға кітаптар сыйға тартылды.