Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы талқыланды

Авторы:

08.10.2026

Шымкент қаласындағы Абай кітапханасында жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романына арналған әдеби талқылау өтті. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуге оқушылар мен ұстаздардан, кітапханашылардан құралған оқырман клубтары қатысып, шығарма туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында қатысушылар романның мазмұнын кеңінен талқылап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты көзқарастарын білдірді. Шығармадағы тарихи кезеңнің көрінісі, адам тағдыры мен қоғам шындығы туралы ойлар айтылып, әдеби туындының мән-маңызына назар аударылды.
Еркін пікір алмасу форматында өткен басқосу қатысушыларға шығарманы әр қырынан тануға, өз ойларын ашық жеткізуге және өзгелердің көзқарасын тыңдауға мүмкіндік берді. Мұндай әдеби кездесулердің жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, көркем шығарманы терең түсінуіне және сыни ойлау қабілетін дамытуына ықпал етері анық.