ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 6 ТРИЛЛИОН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының экономикасына алдағы 5 жылда 6 триллион теңге инвестиция тарту көзделіпотыр. Бұл бағытта нақты жоспар да жасалған.

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағыОрталық коммуникациялар қызметінде өткенбаспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі                         Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.  

Ғ.Сыздықбеков Шымкент қаласыэкономикасының инвестициялық тартымдылығыжылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті. Оныңайтуынша, соңғы 4 жылда 1,5 трлн теңге инвестиция тартылған. Ал, алдағы 5 жылда                6 триллион теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл бағыттанақты жоспар да жасалған.

Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеніқұрайтын                                    229 инвестициялықжобаның пулы жасақталды. Оның ішінде, басымбағыттары өңдеу өнеркәсібі саласында – 405,8 млрд теңге, тұрғын үйге – 594,4 млрд теңге, денсаулықсақтауға – 128 млрд теңге, ауыл шаруашылығына – 363,9 млрд теңге жоспарланып отыр.  Нәтижесінде, 34 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады, – деді қала әкімі.

Ғабит Әбдімажитұлының айтуынша, әкімдікжұмысының басты мақсатыинвесторларға қолайлыжағдай жасап, экономиканы әртараптандыру. Қалаәкімі бұл бағытта импорт алмастырушы жәнеэкспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыратынинвесторлармен тығыз жұмыс жүріп жатқанын атапөтті.

Өндіріс алаңдарын арттыру мақсатындажаңадан көлемі 867 гектар құрайтын 5 өндірісаймағын құру қолға алынды. Алдағы уақытта 372 млрд теңгені құрайтын 289 жобаны іске асырып, 12 мыңға жуық жұмыс орындарын ашуды жоспарлапотырмыз. Бүгінгі күні «Жұлдыз», «Бозарық» индустриялық аймақтарына инженерлік жүйелертартылып, келер жылы қолданысқа берілетін болады. Одан бөлек, сауда-логистикалық орталықты кеңейтуарқылы «Өңірлік хаб» құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасыәзірленіп жатыр.Аталған индустриялық аймақтардыіске қосу арқылы, салықтық түсімдерді арттырукөзделуде, – деді Ғ.Сыздықбеков.

Шымкент қаласының әкімі шағын және орта бизнестің өркендеуіне ерекше ден қойылып кележатқанын, бүгінде кәсіпкерлерге бағытталғанәртүрлі қолдау шаралары бар екенін айтты. Биылкәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобааясында 20 млрд теңге бөлініп, есепті кезеңде 16 млрд теңгеге 3 351 жобаға қолдау көрсетіліпті.

Осындай ауқымды жұмыстың нәтижесіндесоңғы 5 жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлер2 есе көбейіп, 131 мыңнан асқан. Ал, өңірлік ішкіөнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайызға жеткен.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика