Мобильді аударымдар: кәсібін тіркемегендер жауапқа тартылады

Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқарма басшысының м.а. Әнуар Бекжұманов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, бүгінде 2023 жылы 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне 3 ай қатарынан жеке банктік шоттарына әр түрлі 100 тұлғадан түскен аударымдар туралы ақпарат келіп түскен. Бұдан былай банктер тек белгіленген критерийлерге сәйкес келетін тұлғалардың деректерін әр жыл бойынша беріп отырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті «көлеңкеден» шығаруға бағытталып отыр. Тек әртүрлі тұлғалардан 3 ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.

Бұл жерде айта кететін жайт, жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін, яғни туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек және басқа да өмірлік жағдайлар үшін мобильді аударымдарды жасап, қабылдай алады. Алайда мұндай аударымдар бір реттік болғандықтан, оны декларациялаудың қажеті жоқ, — дейді Әнуар Бекжұманов.

Кәсіпкерлерге төлемдерді арнайы бизнес шоттарына қабылдау ұсынылып отыр. Кәсіпкерлердің төлем карталарын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда алғашында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратпен хабарламалар жіберіледі.

Салық төлеуші бұзушылықтармен келісетін болса, ол жеке кәсіпкерді тіркеуге немесе табыстың декларацияланбаған сомасын көрсететін қосымша декларация ұсынуға тиіс. Ал егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме және оны растайтын құжаттарды беруге құқылы. Жеке кәсіпкерді тіркеусіз қызмет жасағаны үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кірістерді жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде, ал қайталанған жағдайда 300% айыппұл салынады. Түбіртек бермегені үшін 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді, — деп түсіндірді ол.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика