ТАРИХИ САНА *Архивті ақтарғанда

Соғыс ардагері Қалдар Исахановқа 100 жыл 

         Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы отан соғысын еске алудың өзі ауыр. Оның жаңғырығы әлі де жанымызды ауыртады. Биылсұм соғыстың аяқталғанына жетпіс тоғыз жыл толады.

           Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік  архивінің №199 қор «Ұлы Отан соғысына қатысушылар (1941-1945 ж.ж.)» атты коллекциясында соғыс ардагерлерінің өмірдеректері сақталған. Сол қорда Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» Қ.Исахановтың мәліметтері жинақталған.

Исаханов Қалдар 1924 жылы 2 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек (бұрынғы Алғабас) ауданы, Борлысай ауылдық Кеңесі, Ақтас елді мекенінде туылған. 1942 жылы Сталин атындағы орта мектепті бітірген. 1942 жылдың маусым айында аудандық әскери комиссариаттан әскерге шақырылып, 1942 жылдың 3-ші шілдесінде Өзбек КСР-ның Ферғана қаласындағы №18 әскери өзбек полкінің курсанты болып қабылданған. Сол қысқа мерзімде кіші командирлер дайындайтын 6 айлық курсты қараша айында сержант шенімен бітірген. 1943 жылдың 17 қаңтарында Саратов қаласында 10 күндей соғысқа дайындық жүргізіп, Сталинград қаласын жаудан азат етуге қатысқан. Орел, Смоленск, Минск және Белоруссияның Брянск, Рязань, Гомель қалаларын жаудан азат етуге қатысты. 1943 жылы 20 қыркүйекте Смоленскіні қорғауда ауыр жарақат алып, екі апта Архангельск қаласындағы Тыловой госпитальде 7 ай 14 күн емделіп, комиссия соғысқа жарамсыз деп елге қайтарған. 1948 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институттың тарих факультетін сырттай бітіріп, жұмыс істеген. Мектеп директорықызметін атқарып, тарих пәнінің мұғалімі болған. 1981 жылы шілде айында зейнеткерлікке шыққан. Үш ұл, жеті қызы бар. 40-тан астам немере, шөбере көрді. 98 жасында өмірден өтті.

Майданда көрсеткен ерліктері үшін 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30, 40, 50, 60 жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков, «Ұлы Отан соғысының ардагері» медальдарымен, «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» төсбелгісімен марапатталған.

Марина Исмайлова,

                                                            Түркістан облысының қоғамдық-саяси

                                                            тарихының архивінің бөлім басшысы

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика