? Кәсіпкерлерді қолдау шаралары Мемлекет басшысының үнемі назарында. Президент Жолдауында салық төлеушілердің міндеттемеден жалтаруына тосқауыл қою үшін шарттарды жеңілдетуді тапсырды.
? Осыған байланысты қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бөлшек салықтың арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Салық мөлшерлемесін 50% -ға дейін төмендету кәсіпкерлікті көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік береді.
? Айта кету керек, мемлекет бизнеске барынша қолдау көрсетуде. Қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны қарқынды өсуде. Соңғы 5 жылда қалада белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны орта есеппен 20%-ға өсіп, бүгінде 130 мыңға жетті. Нәтижесінде шағын орта бизнес үлесі жалпы өңірлік өнімде 40% -дан 50% -ға дейін ұлғайды.
Leave a Reply