Миграция мәселелері бойынша журналистік білім беру талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы соңғы бес жылда БҰҰ, ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасының жобаларын орындап, өңірлік журналистерге, ЖОО оқытушыларына, баспасөз қызметінің жетекшілеріне, ҮЕҰ өкілдері мен полиция қызметкерлеріне, медиктерге журналист қауіпсіздігі, дау-жанжалға сезімтал журналистикатуралы, экологиялық,  гендерлік мәселелерді БАҚ беттерінде сауатты жазу жөнінде семинар-тренингтер өткізді. Жоба қатысушылары былтырғы оқу жылында оқу үдерісіне төрт жаппай ашық онлайн курстарын сегіз тілде (Орта Азия және оңтүстік Кавказ) енгізді. Курстар студенттер, журналистер мен блогерлерге, баспасөз қызметінің мамандарына арналған.

Биыл кафедра ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасымен жаһандық серіктестік аясында «Орта Азия аймағы: миграциямәселелері бойынша журналистік білім беру» атты жаппай ашық онлайн курсын төрт тілде (Орта Азияның) әзірлеуді қолға алды. Жоба көші-қон және босқындар мәселелері бойынша журналист кадрлар даярлау сапасын жақсартуға, тақырыпты БАҚ-қа сапалы және объективті беруге, елдер мен мәдениеттер арасындағы диалогты кеңіненжандандыруға бағытталған.  

Жуырда кафедра Орта Азияның бес елінен келген жұмыс тобымен бірге көші-қон мәселелері бойынша мобильді білім беру ресурсы тұжырымдамасының таныстырылымын өткізді.Шараға БҰҰ және ЮНЕСКО өкілдері, АҚШ, Германия, Венгрия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен миграция саласындағы ұлттық және қоғамдық ұйымдар, ғалымдар, журналистер қатысып, өзекті ойларын ортаға салды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректорБасқарма мүшесі Жамила Айтжанова журналистика факультетіндегі ғылыми зерттеулердің орындалу барысына тоқталып, кафедраның халықаралық жобаларының тұрақты даму мақсаттарына бағытталғанын ерекше атады. «Биылғы жобаның мақсаты — этикалық аспектлерді қамтитын жоғары сапалы бағдарламалар арқылы жаңа технологияларды оқыту аясын кеңейту», —деді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова миграция мәселесіндегі ақпаратты сараптап, оқиғаға кәсіби баға берудің маңыздылығына тоқталды. Журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаев кафедра әзірлеген Жаппай ашық онлайн курстарының практикалық сипатын ерекше атады. БҰҰ-ның миграция құқықтары туралы Конвенциясына тоқтала келіп, журналистердің тек ақпарат берумен шектелмей, этикалық қағидаттарды қатаң сақтауы қажеттігін айтты. Медиасауат сарапшысы Гүлнәр Асанбаева аталмыш курсқа миграция мен босқындар мәселелерін көтеретін журналистерге арналған медиасауат туралы арнайы курсты енгізуді ұсынды. Старттық кездесуге қатысқан Орта Теннесси мемлекеттік университетінің профессоры (АҚШ) Зени Сарабиа-Панол, Флорида университетінің профессоры (АҚШ) Уэйн Ванта,  Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон SMICА, аймақтық менеджер Султан Худайбергенов,Республикалық «Deutsche Allgemeine Zeitung» (DAZ) газетінің өкілі, журналист Caша Боргардт,  Венгриядағы ғылыми елші, Дебрецен университетінің докторанты, Венгрия Назира Абдынасыр,  Ж. Баласағұн  атындағы Қырғыз ұлттық университетінің доценті Аита Султаналиеват.б. сарапшылар болашақ онлайн курсқа қатысты өзекті ойларын ортаға салды.

Назгүл Шыңғысова

ЮНЕСКО-ның журналистика және

коммуникация кафедрасының меңгерушісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика