Күзгі каникулда оқушылар неше күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігі оқушылар күзгіканикулда неше күн демалатынын айтты, депхабарлайды Massaget.kz тілшісі. Еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда оқушылар 7 күн демалады: 30 қазаннан 5 қарашаға дейін.

Министрлік оқушылардың күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында төмендегі іс-шаралар жоспарын ұсынады:

Жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

– «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;

– «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана»бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу»тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

Оқушылар арасында «Өнегелі өмір»тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп «Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;

– «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы»  байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика