Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Егер бала 18 жасқа дейін қайтыс болып кетсе, Ұлттық қордан оған берілетін төлемді оның ата-анасы немесе бауырлары алуы мүмкін бе? Осы мәселеге қатысты министр былай деп жауап берді.
Оның айтуынша, мұндай жағдай болса, қаражатты Ұлттық қорға қайтару жоспарланған.
– Бастапқыда біз тұжырымдаманы әзірлегенде ақшаны (Ұлттық қорға) қайтаруға қатысты нұсқалардың бірі қарастырылған норма болды. Одан соң ақша ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында бөлінеді деп шештік, — деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол бұл қаржыны қолданудың тәртібіне тоқталды.
– Бұл – баланың ақшасы және кәмелет жасқа толған соң ол оны өзі қолдануға құқылы. Бірақ тек тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқуға ғана ала алады, – деді Әлібек Қуантыров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте Ұлттық қордан балаларға қаражат беруге қатысты заңды қабылданды.
Leave a Reply