ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Тұрғын үйлер және пәтердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Сұрапыл апатты кұбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкелуде. Көбінесе өртке себепші өздері, олардың көршілері, балалары болып жатады.

Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр. Егер Сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе тез арада электр маманын шақырыңыз.

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ :

Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:

— Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз,сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;

— Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;

— Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;

— Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;

— Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;

— Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

— Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаныз;

— Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телафон арқылы 101-ге хабарласыңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды.

Бәйдібек ӘБІЛҚАСЫМ

Шымкент қаласының Абай ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты  

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика