СЕЛДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Сел тасқыны – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс.

         Сел қаупі туындауының белгілері:

  • қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жауынның жаууы;
  • сел қауіпті өзеннің бастауындағы мореналық (мұздық) көлдер мен олардың ақтарылу қаупін туғызатын ауа температурасының кететтен және ұзақ уақытқа көтерілуі;
  • өзендегі су деңгейінің кететтен төмендеуі немесе көтерілуі; су лайлылығының артуы.

Қауіпсіздік шаралары:

1. Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз;

2. Егер сел қауіпті арнаның жоғарғы жағында қарқынды нөсер жаңбыр байқалса, сел қауіпті арнадан кетіңіз;

3. Қозғалыстағы сел тасқындарына 50-70 метрден жақын бармаңыз;

4. Тік құздар мен тік беткейлерге жақын тоқтамаңыз, опырылым болуы мүмкін;

5. Сел арнасы бойынша қозғалыс кезінде адамдардың арасы 20-30 м қашықтықта құрауын қадағалаңыз.

М.Мұхамедов

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері, аға лейтенант

Фото интернеттен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика