Сабақтың тақырыбы : Жуан және жіңішке айтылатын сөздер
Білім 42 – 44 жаттығу
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Оқушының білімге деген құлшынысын аттыру . Сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру . Жуан және жіңішке айтылатын сөздер жайлы білімін пысықтау .
Дамытушылығы : Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту. Өзіндік жұмыстарды орындау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік : Тиянақтылыққа , табиғатты аялауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап ,
Пәнаралық байланыс : дүниетану, математика.
Сабақтың көрнекілігі : сызбалар, ойын
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру.
ІІ . Үй тапсырмасын тексері.
ІІІ . Ой қозғау. Жұмбақ шешу.
ІV. Жаңа сабақ.
І. Ұйымдастыру
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, білу, ұлағат .
Әрбір ісім – тірлік, тірек адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адамдық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
— Жылыжай дегеніміз не ?
— Көкөністерге нелер жатады ?
— Көкөністердің қандай пайдасы бар ?
— «У»дыбысы қай уақытта дауысты, қай уақытта дауыссыз болады? Мысал келтір.
Ойын «Кім жылдам?»
ІІІ. Ой қозғау. Жұмбақ шешу.
- Ақыл – ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары . (Мектеп)
- Білімнен сол сый – асы,
Балғындардың ұясы. (Ұстаз)
- Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
- Білімнің нәрін тереді,
Балаларға тәлім береді. (Білім)
ІV. Жаңа сабақ. Білім өлеңін оқу.
— Автор туралы. Өтебай Тұрманжанов. (1905-1978) Оңтүстік Қазақстан облыс, Бөген ауданы, Жалғыз ағаш деген ауылында туған. Елуге тарта кітап шығарды. Балаларға арналған көптеген өлең – тақпақ, ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жазды.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.
— Оқушыларға тізбектеп оқыту.
— Сұрақтарға жауап беру.
— Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?
— Олар қалай естіледі. Жуан ба, жіңішке ме?
— Жуан және жіңішке сөздер дегеніміз не?
V. Ойын «Үндемес».
Сөз жуан болса, 1 – рет шапалақтау керек. Сөз жіңішке естілсе, 2 – рет шапалақтау керек.
VІ. Сергіту сәті .
Оқу, құрал, дәптер ал,
Сабаққа керек ол құрал.
Досындай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын керегің.
VІІ. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.
43 – жаттығу. Мақалды көшіру. Жуан айтылатын сөздерді сыздыру.
44 – жаттығу. «Өз үйшігіңді тап» ойыны.
Төрт түлік малдар. Аңдар. Құстар.
Сөздерді оқып, жуан не, жіңішке екендігін айтады және оларды үйшіктерге орналастырады. Қызыл кітапқа енген аң – құстарды айту.
VІІІ. «Не үйрендік, не білдік?»
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Х. Оқушыларды бағалау.
Leave a Reply