«Жуан және жіңішке айтылатын сөздер»

   Сабақтың тақырыбы :  Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

                                            Білім 42 – 44 жаттығу 

   Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Оқушының білімге деген құлшынысын аттыру . Сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру . Жуан және жіңішке айтылатын сөздер жайлы білімін пысықтау .

Дамытушылығы : Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту. Өзіндік жұмыстарды орындау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік : Тиянақтылыққа , табиғатты аялауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

 

   Сабақтың түрі : жаңа білім беру.

   Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап ,

   Пәнаралық байланыс : дүниетану, математика.

   Сабақтың көрнекілігі : сызбалар, ойын

   Сабақтың барысы :

   І. Ұйымдастыру.

   ІІ . Үй тапсырмасын тексері.

   ІІІ . Ой қозғау. Жұмбақ шешу.

   ІV. Жаңа сабақ.

   І. Ұйымдастыру

   Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

   Әрбір сабақ – үйрену, білу, ұлағат .

   Әрбір ісім – тірлік, тірек адамдық,

   Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адамдық. 

   ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

        Жылыжай дегеніміз не ?

        Көкөністерге нелер жатады ?

        Көкөністердің қандай пайдасы бар ?

         «У»дыбысы қай уақытта дауысты, қай уақытта дауыссыз болады? Мысал келтір. 

       Ойын «Кім жылдам?»

       ІІІ. Ой қозғау. Жұмбақ шешу.

  1.   Ақыл – ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары .       (Мектеп)

  1.   Білімнен сол сый – асы,

Балғындардың ұясы.        (Ұстаз)

  1.   Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.     (Кітап)

  1.   Білімнің нәрін тереді,

Балаларға тәлім береді.    (Білім)

ІV. Жаңа сабақ. Білім өлеңін оқу.

        Автор туралы. Өтебай Тұрманжанов. (1905-1978) Оңтүстік Қазақстан облыс, Бөген ауданы, Жалғыз ағаш деген ауылында туған. Елуге тарта кітап шығарды. Балаларға арналған көптеген өлең – тақпақ, ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жазды.

         Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.

        Оқушыларға тізбектеп оқыту.

        Сұрақтарға жауап беру.

        Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?

        Олар қалай естіледі. Жуан ба, жіңішке ме?

        Жуан және жіңішке сөздер дегеніміз не? 

V. Ойын «Үндемес».

 Сөз жуан болса, 1 – рет шапалақтау керек. Сөз жіңішке естілсе, 2 – рет шапалақтау керек. 

VІ. Сергіту сәті .

Оқу, құрал, дәптер ал,

Сабаққа керек ол құрал.

Досындай сенің күн күліп,

Жаныңда тұрсын керегің. 

VІІ. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

43 – жаттығу. Мақалды көшіру. Жуан айтылатын сөздерді сыздыру.

44 – жаттығу. «Өз үйшігіңді тап» ойыны. 

Төрт түлік малдар.                   Аңдар.                     Құстар.

 Сөздерді оқып, жуан не, жіңішке екендігін айтады және оларды үйшіктерге орналастырады. Қызыл кітапқа енген аң – құстарды айту.

VІІІ. «Не үйрендік, не білдік?»

  1. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  2. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІХ. Сабақты қорытындылау.

 Х. Оқушыларды бағалау.














Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика