ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

 «Жайдарман» дарынды жастар арасында қалалық ½ жартылай финал ойынын өтетін естігендер Жастар ресурстық орталығына көптеп жиналды.
Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.
Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Онда сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтиды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында «Жайдарман-2022» маусымашары өткен болатын. Фестивальге еркін құрама командадан жасақталған 15 топ өнер көрсетті. Қазылар алқасының құрамында танымал әзілкеш Қабдол Тілеков, Оңтүстік өңірінің мақтанышы, әлем чемпионы Біржан Жақып, Әзіл әлемі театрының белгілі актеры Медет Досқанаев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдықожаев және Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбек болды.
Бұл жолы қаламыздағы оқу орындары арасында өткен «Жайдарман» ойындарының ½ финалдық кезеңінде 12 команда жарысқа түсіп, нәтижесінде финалдық ойында 6 команда өнер көрсететін болады. Бұл жолғы маусымашар сахна төріне алғаш қадам басқан жас жайдарманшылардың тұсаукесері болды.

Сахна төріне шыққан әр команда Жайдарман ойындарының мән-мағынасын ұғынған. Салмақты әзілдерді қолдану аясы кең болды. Өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулуға діттеген ойын көптің көңілінен шықты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Жайдарман-2022» маусымашары өткен болатын. Фестивальге еркін құрама командадан жасақталған 15 топ өнер көрсетті. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жайдарман ойындарының мақсаты — жасөспірімдердің бастамаларына қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасын нығайту. Оларды ізденіске үйретіп, шығармашылығын шыңдау.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика