Ғибратты әңгіме

       БІЛІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

       Бірде хазіреті Алиге он шақты яһуди келіп, бір сұрақ берейік, егер ол шын саңлақ болса, он түрлі жауап тауып сөйлер деген. Сонымен күндердің күнінде жаңағылар хазіреті Алиге: 
  – Ғылым артық па, әлде мал артық па? — деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
 Сол мезетте Али: 
— Бірінші, ғылым артық. Өйткені ғылым – пайғамбарлардан қалған мирас, ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы. 
— екінші, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. 
— үшінші, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. 
— төртінші, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді.
— бесінші, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ қалдырады. 
— алтыншы, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағу күту керек. 
— жетінші, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын жасайды, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. 
— сегізінші, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Мал болса, қолдың кірі, өледі жоғалады. 
— тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді. 
— оныншы, ғылым Аллаһқа зекет, тауһид, ғибадат қылады, ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады — деп, тапқырлық танытыпты. 


       БІЛГЕНІҢ ЖӨН

Білгенің жөн… Сандықта жатқан дипломдардың адамды адам қылуға шамасы жетпейді.
Білгенің жөн… Ғашықтық сезімді білдіретін сөздерді қаншалықты көп қолданған сайын, оның мәні де соншалықты жоғалады. 
Білгенің жөн… Қарсы алдыңдағы адамды ренжітіп алмау мен оны жақтаудың арасындағы сызықтың қай жерден өткенін табу қиын. 
Білгенің жөн… Шын достардың арасында сызат болмайды. Шын ғашықтар да солай! 
Білгенің жөн… Тәжірибиенің қай жаста, қай уақытта, қай партияда жүргенде өткізілгендігінің ешқандай маңызы жоқ. Қандай сынақтар өткізілгендігі маңызды. 
Білгенің жөн… Жанұяң үнемі қасыңда бірге жүрмейді. Туысқаның емес адамдардың өздерінен де ерекше ілтипат, сүйіспеншілік пен мейірім, сенімділікті үйренуіңе болады. 
Білгенің жөн… Қаншалықты жақын болса да ең жақсы деген жолдасыңның өзі кейде ренжітіп жатады. Оларды кешіру керек. 
Білгенің жөн… Кейде өзгелерді кешірудің өзі жетпейді. Кейде өзің де кешірім сұрауыңа тура келеді. 
Білгенің жөн… Жүрегің қаншалықты қан жыласа да дөңгеленген дүние сен үшін тоқтап тұрмайды. 
Білгенің жөн… Кейбір мәселелер мен оқиғалар сенің кім екендігіңе әсерін тигізуі мүмкін. Алайда оған өзіміз жауаптымыз. 
Білгенің жөн… Екі адам тартысып жатса, бұл бір-бірлерін жақсы көрмейді деген сөз емес. Тартыспаса да дәл солай. 
Білгенің жөн… Әрбір проблема өзінің ішінде мүмкіндік сақтайды. Бірақ проблема, мүмкіндіктің қасында түкке де тұрмайды. 
Білгенің жөн… Сүйіспеншілікті лезде жоғалтып аласың, өкінішің ұзақ жылдарға созылады…
Файзулла ТАЙТАЛИЕВ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика