ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«№5 КОЛЛЕДЖ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Шебер класс
«Резеңкемен өңделетін орамал»
tories/0001ma.jpg» border=»0″ />
Орындаған: Кульбаева Жаныл
Шымкент-2017
Тақырыбы: Резеңкемен өңделетін орамал. (10-мин)
Күнделікті киюге арналған әрі сәндік үшін қолдануға болатын және үй жағдайында , тамақ жасағанда қажет ететін орамал.Бұл орамал модельі басқа ыңғайлы тез киіледі және шешіледі. Тігісі басқа батпайды.
Қазіргі таңда жас келіншектерге және қыздарға таптырмас құрал. Әсіресе жас өспірім қыздарға кешкі сәндік әшекей ретінде тақса болады. Өздерінің қиялдарымен түрлі әшекейлермен модельдеуге болады.
tories/0002ma.jpg» border=»0″ />
І. Матаны пішуге дайындау.
Ленталық таспаның көмегімен бастың өлшемін аламыз. Бұйымды дайындау үшін бірінші кезекте мата қажет болады. Мата таңдау барысында қойылатын негізгі талап; мата трикотажды, созылмалы жұқа, жылы, жұмсақ, жақсы бүгілетін маталардарды таңдаған жөн. Сонымен қатар екі жақтамалы болғаны жөн (екі жағында пайдаланатын).
Қажетті құрал-жабдықтар:
tories/0003ma.jpg» border=»0″ />
Екі бөлшекті лекало арқылы пішіп аламыз. Орамалдың өлшем бірліктері:
1-бөлшек ұзындығы-45см, ені-20см.
2-бөлшек ұзындығы-20 см, ені 10 см
Резеңке-10 см
ІІ. Тігу
1 бөлшектің оң бетінен екі шетін торлап аламыз. 2-ші бөлшекті оң бетін бір-біріне қаратып толап аламыз, содан соң 2 бөлшекті аударып ішіне резеңкені саламыз.1 бөлшектің оң бетіне ортасын тауып орналастырамыз, содан соң оңнан солға қарай бүктеп торлаймыз.
tories/0004ma.jpg» border=»0″ />
Оң бетіне аударып, 1 бөлшекті резеңкеге алып келіп сосын торлаймыз. Бұйымымыз дайын, енді әшекей сәнді заттарды қолмен сәндеп шығамыз.
«Резеңкемен өңделетін орамал» дайын.
tories/0005ma.jpg» border=»0″ />
tories/0006ma.jpg» border=»0″ />
tories/0007ma.jpg» border=»0″ />
tories/0008ma.jpg» border=»0″ />
Leave a Reply