Патима ӘБДІРАМАНОВА, зейнеткер ұстаз, көп балалы ана:
«Мен қыдырып келдім» деп енемен жағаласып отырған келіннен ешуақытта жақсылық күтуге болмайды»
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>tories/IMG-20151123-WA0000.jpg» width=»336″ height=»448″ alt=»IMG-20151123-WA0000″ style=»float: left;» />Бүгінде той көп. Тіпті жаңадан дәстүрге еніп жатқан түр-түрі бар. Бірақ солардың тасасында үйдің енші алған баласын ауыл болып жиылып, батасын беріп бөлек отауға шығару салты алыстап барады. Есесіне ене мен келін ренжісу себебінен бөлек шығу әдетке айналып барады. Біз бүгін жалпы қазақы тәрбие төңірегінде елге сыйлы ененің кеңестерін ұсынғалы отырмыз. Ісімен ата-енесіне жағып, мұғалім болып жастарға білім дәнін шашқан Фатима Тұтқабайқызы Сарыағаш өңірінде үлкен құрметке ие, беделді зейнеткер ұстаз. Бүгінде Жаңадәуір ауылының тұрғыны болып табылатын апамыз бірде ауылда, бірде қалада болып барлық балаларының жағдайын бақылауынан шығармай, қарасып жүреді екен.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 21.25pt;»>Қайынсіңліңнің атын атадың екен, сен одан жеңілесің
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Мен өзім орыс мектебінде оқып, университетті де орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірдім. Өзге тілде білім алу мені қазақы қалпымнан алыстата алған жоқ. Тұрмысқа шыққанда тоқсандағы енемнің енесі болды. Атамыздың атасы болды тоқсан жастағы. Сол кісілердің көңілінен шығып, батасын алуға тырыстым. Өмірдің үлкен университетінен өттім. Ата-енемнің он бір баласы бар еді. Тұңғыш келін атандым. Қайныларымның атын атамадым. Солардың тәрбиесіне де жауапты екенімді сезініп, барынша инабатты келін болуға тырыстым.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Менің түйгенім келінге ең бірінші инабаттылық, ізеттілік керек. Басқа-басқа, сенің дастарханға кесені сәл қаттырақ қойғаныңның өзі ата-енеңнің жүрегіне қатты тиеді. Сөздің өзін ойлап сөйлеп, тірлікті де түскен жеріңнің көңілінен шығатындай етіп істеу керек. Мектепте жұмыс істедім. Түстен кейін оқушыларды мақтаға апаратын едім. Кешке келіп тамақ істеп, ыдыс-аяқты тазалап, түнделетіп кір жуатын кездерім болған. Бәріне үлгеруге тырыстым. Ол кезде кір жуатын машина жоқ. Нанды тандырға жауатынбыз. Бір жапқанда 18-20 нан пісіреміз.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Жұмыспен жүріп кешқұрым жолдастарымыз қонаққа шақыратын кездер болады. Күнімен жұмыста болған келіннің кешке қонаққа кетуі үй ішіне жақпай қалуы мүмкін ғой. Сондайда қайын сіңлілеріме «Ерке қыз сенде бізбен бірге жүр» дейтінмін. Бірінші жолы баруы мүмкін. Келесі жолы «өздеріңіз бара беріңіздерші мен онда не істеймін?» – дейді. Осылай бәрі уақыт өте келе орнына келеді.Қайын сіңлілеріңмен суық қарым-қатынас орнап қалса да атын атамау керек. Атын атадың екен сен одан жеңілесің. Шырайлым, Еркеқыз деп жүріп оларды жеңіп аласың.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Қазір өзімнің келінімді де солай тәрбиелеп келемін.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
Әлі күнге дейін енемнің қас-қабағына қараймын
Келін боп түсе салып бөлек шығуға асықпадым. Ата-енемнің қолында алты жыл тұрдым. Өзінің жолымен енші алып бөлек шықтық. Ауылдың шетінен үш бөлмелі шағын үй әперіп, ауылға ас беріп, атам көзіне жас алып біздің еншімізді берді. Бірақ бәрібір біз үлкен үйдің бір бөлшегі болып қалдық. Өйткені жолдасымның артынан ерген он бауыры бар. Мектепте мұғалім болып жүріп, қайныларымның етігі жыртылып жүрсе намыстанамын. Айлығымды алғанда енеме ескертіп қайныларым мен қайын сіңлілерімді кезек-кезек киіндіріп келетінмін. Сөйтіп шамамның келгенінше қарайласып жүрдім. Бұл енеммен арадағы сыйластықты тереңдете түсті.
Бүгінде өкінішке қарай жас келіндер ұрысып бөлек шығып кете береді. Үйден шығарда бата алып кету керек, үлкен өмірді ақылмен емес, сезімнің жетегінде кетіп бастауға бола ма? Ол кезде біз атамызға «үй болса болды, өзіміз үлкейтіп салып аламыз» — дедік.Әркім өзінің болашағын өзі жасайды. Бүгінде менде сол өзім көрген салтпен ұлдарымның еншісін беріп жатырмын. Бір балама зейнеткерлік қорымдағы барлық ақшаны алып үй салып бердік, бір балама Шымкенттен үй салып бердік. Бүгінде енем тоқсанға келді. Тоқсанға келген мерейтойы мен екі немересінің сүндет тойын қосып өткіздік. Әлі күнге дейін енемнің қас-қабағына қараймын.
Үлкен келінімді қолда алып қалғанды жөн көрдім
Өзім үлкен келінімді қолыма алып қалдым. Өйткені ол бірінші түскен соң күйеуінің бауырларының мінезімен таныс болып қалады. Бәрін қас-қабағынан түсінеді. Кейін түскен келін өзінің алдындағы қайынағаларымен бірге тұрмаған соң бәрібір бәрін жақсы түсіне бермейді. Бір жаққа кеткенде үлкен келініме үйді сеніп тапсырып кете аламын. Қонақ келсе көрсетер сый-сияпаттың жөнін, басқа да жөн-жоралғыны түсінбей жатса үйретіп,табыстап кете беремін.
Үлкен келінім қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген. Бірақ, ауылдағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы жеткілікті болғандықтан, ағылшын тілі бойынша оқып шығып диплом алды. Қазір жүрген жерімде ағылшын тілі оқулықтарын сатып алып жүремін.
Бүгінде келінім білікті ұстаз, жалақысы да жақсы. Бірақ оған «сен өзімді-өзім қамтамасыз ете аламын деп еріңнен асып кетпе. Еріңнің еңбегі зор мал шаруашылығы мен егістікпен айналысады. Әрі мектепте тарихтан сабақ береді. Дандайсып, еріңнің көңіліне тиіп қалып жүрме» — деп ақырын ескертіп қоямын. Әйел мейлі әкім, мейлі ақын болсын төмен етекті әйел. Осыны ұмытпау керек қыздарымыз. Ер азаматтың киесі болады, оның әлсіз жағын айта беру дұрыс емес.
Егер ер азамат өмірде күйзеліске түсіп жүрсе әйел адам оған жігер беруі керек. Әй, отағасы неге сен еңсеңді түсіресің? Ертең мына балаң өскенде, әкесі кім дегенде не дейміз? – деп жігерлендіріп қою керек.
Азаматым бір жылдары жұмыссыз болып үйде отырып қалды. Сол екі мыңыншы жылдары мектепке он екі компьютер келген болатын. Бірақ соны ешқандай мұғалім қоса алмады. Жолдасымның мамандығы инженер еді, күйеуімді ертіп келіп «сен осы компьютерлерді қоссаң информатика пәнінің мұғалімі етіп жұмысқа алады» — дедім. Ол дереу компьютерді қосты. Мен әлі директормен сөйлеспегенмін. Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Сайлау Мырзабаевқа барып мән-жайды айтып едім, ол кісі жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға тапсырма берді.
Қаладан келсе де, шетелден келсе де баламның әйелі мен үшін келін
Келіндерімді олардың аналарымен ұзақ уақыт құрбы болып жүріп түсірдім. «Шешесін көріп қызын ал» деген сөз жүйелі айтылған ғой.
Ауылдағы да, қаладағы да келіндерім менің бақылауымда. Ауылды менсінбей кететін келіндер бар. Солар қалаға кімнің арқасында келіп отыр екен?..
Қаладағы келіндеріме ауылды ұмытпаңдар. Сендердің өстіп қалаға келгендерің ауылдағылардың еңбегінің арқасы деймін. Ауылдан еккен дәнді-дақылдарды, құртымды-майымды тасып әкеп беріп отырамын. Ененің мұрагері келін деген сөз бар. Сондықтан келіндеріме жақсы қараймын.
Алматыдағы келініме «сен қалада жүрмін деп, тылтима киімдерді киме, мен көрмесемде ауылдың адамдары көреді» деймін. Балаларыма демалыс кезінде ауылға келіп тыныс-тіршілігінен хабардар болып жүріңдер деп ескертіп отырамын. Қаладан келе ме, шетелден келе ме балаларымның әйелі мен үшін келін. Ауылға келгенде орамалдарын тартып, қазанның басына барады. «Мен қыдырып келдім» деп енемен жағаласып отырған келіннен ешуақытта жақсылық күтуге болмайды. Жақында ғана Алматыдағы келінім босанды. Құдай қаласа ертең сол жаққа жол жүрейін деп отырмын. «Бала қырқынан шыққанша басыңнан орамалыңды тастама, жын-шайтанның бәрі басыңа жабысып қалып кетпей қалады» — деп күнде телефонда айтып отырамын. Оны ене айтпаса кім айтады?
Әйелдің берекесі ыдыс-табағында
Жуылмаған ыдысты ертеңге қалдыруға әсте болмайды. Түнге қалдырып бетін жауып қоятындарды да көрдім. Біздің үйде олай емес. Ыдысын шайтан аралап кеткен үйде береке болмайды. Қазан-табағы мен үйі таза болған әйел бәріне үлгереді. Қазан-табағына үлгере алмаған әйел жұмысын да істей алмайды.
Бірақ, менің бір қағидам бар. Жұмыстан кешікпеу. Жұмыстан сөз есітпеу. Жұмысқа баратын келіннің жолын байлап, ананы-мынаны істе демеймін. Сен кете бер, бала-шағаңды өзім киіндіріп балабақшаға апарамын деп шығарып саламын. Сиырды сауып берсең болды, пісіріп, майын алып, құрт жасауды маған қалдыра бер деймін.
Мен кешке дейін үйде соларды істеймін. Сабаққа он минут бұрын бармаған мұғалім – мұғалім емес.
Патима әженің тәжірибесінен
Келінім тек босанып келеді, қырқынан шыққанша келінім мен немеремді қасыма алып жатып қараймын. Бала қырқынан шыққан соң, келініме енді «әркім өзінің жігітінің қасына жатады» десем абдырап «шақалақ ше?» — дейді. «Шақалақты мен алып жатамын» дедім. Бала бесте жылайма есікті жай тықылдатамын. Келінім келеді да емізіп кетеді. Сөйтіп немерелерімді асырап жатырмыз.
Балабақшаға немерелерімді апарсам мақтап жатады. Өйткені мен үйде жалықпай тәрбиелік мәні бар әңгімелерді жиі айтып беремін. «Адамды өмірдің өзі тәрбиелейді» деп өмірге салып қойуға болмайды. Отбасында дұрыс тәрбие алмаған бала, көшеден тәрбиеленбейді. «Өмір деген осы екен» деп керісінше бұзылады.
Әңгімені жазып алған:
Ә. ӘБІШҚЫЗЫ
Leave a Reply