Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы негізінен төрт бағытта жұмыс істейді. Оның біріншісі – туризмді дамыту. Екінші – маркетингті ілгерілетуі. Үшінші бағыт – сыртқы байланыстар. Және ең соңғысы – креативті индустрия. Бұл қызмет аталған басқармаға жуырда ғана қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қосылды. Бүгінгі таңда Шымкент қалалық мәслихаты басқарма атауын өзгерту бойынша шешім шығарып қойды. Тіркеу жұмыстары аяқталған соң басқарма атауы өзгереді. Енді туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы болып аталады. Шымкентте туризмді дамыту мақсатында қаладағы инфрақұрылымдарға мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни сырттан турист келгенде қандай жерлерге барады? Осы мәселеге алдымен көңіл бөлінуде. Мегаполисте жүзге жуық туристік нысан бар. Соның ішіндегі ең маңыздысы әрі шоқтығы биігі ол – цитадель. Яғни ескі қала аумағындағы бұрынғы қалпына келтірілген қорған ғимараты. Тарихи құндылығына орай ол әлеуметтік желілерде басқа да жарнамалық құралдар арқылы насихатталып отырады. Содан соң қаланың мақтанышы саналатын дендрологиялық саябақ бар. Ол жерде тал-теректің, ағаштардың 500-ден аса түрі өседі. Саяхатшылар Бәйдібек би ескерткіші мен соның айналасындағы демалыс орнына да көп келеді. 2023 жылдың 18-20 мамыр аралығында Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық көрмесі өтуде. Астана қаласында өтіп жатқан бұл көрме Қазақстанның әр өңіріндегі туризм саласының қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Соның ішінде Шымкент қаласы туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарында. Көрме аясында Шымкент қаласының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, «Amanat» дизайнерлік киімдер бренді, «Dora» және «Graf» қонақ үйлері және «OCA travel» және «ShymTour» туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды. Көрме аясында туризм және қонақжайлылық мәселелеріне байланысты екі негізгі блоктан тұратын Travelhub Kazakhstan конференциясы өтті. Бұл іс шара Шымкент қаласының еліміздегі ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады. Айта кетейік, үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады деп күтілуде.
Қызмет ақпарат
1952 символ
Leave a Reply