Шымкент қаласының білім басқармасының салада атқаратын жұмыстары аз емес. Атқарылған жұмыстардың да нәтижиесі жоқ емес. Шаһарымызда қазіргі заманғы қосымша білім беру сапаға салмақ беріп қана қоймай, бейресми білім беру тұжырымдамасын, қазіргі жастар өмірінде оқытудың жетпіс пайызын құрайтын әлемдік тәжірибенің трендін іске асырады десек қателеспейміз. Еліміздің мемлекеттік білім беру саясаты тұрғысынан бұл білім дағдысы оқушылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуы мен әлеуметтік жетістігі үшін балама мүмкіндік ұсына отырып, білім берудің пәрменді құралы екенін дәлелдеп келеді. Бұл жүйе оқушының танымдық және шығармашылық әлеуетін дамытуды мақсат етіп, мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеуді, оқушылардың сабақтан тыс жұмысын жаңаша бағытта мазмұнды ұйымдастырумен айналысады. Қазіргі таңда Оқушылар сарайында 56 үйірме, 11 мектепалды даярлық топтары жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында 2110 оқушы қамтылуда. Орталықтағы үйірмелер салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқығын қорғауға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесін беруді көздейді. Оқушылар сарайы талантты балалардың бұлақ көзін ашады. Мұнда қолөнерге, суретшілікке, робототехникамен айналысуға мүмкіндік мол. Орталықтың материалдық базасы бай. Өз ісіне тиянақты өнерлі мұғалімдер сабақ өткізеді. Оның үстіне қазіргі қоғам ұстаз қауымына жаңа талап қойып отырғаны белгілі. Мұғалім – рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдісін іздестіруші маман. Орталықтың қосымша білім беру педагогтері осындай талапқа сай білікті мамандар. Педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда бағыт-бағдар беретін, жол сілтейтін әдістемелік қызмет болса, сапалы әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру – әдіскер ұстаздардың біліктілігін шыңдайды. Осы бағытта орталық педагогтері А.Төлегенова, Р.Сариев, М.Сүлейменова, Ж.Байдуллаева, Ф.Омарова, А.Махамбетова, С.Баймағамбетова, Б.Накишева, Ф.Құлмаханова, М.Серікбаев, М.Төлебаева, Б.Қадырбековтер авторлық бағдарлама, әдістемелік ұсыным дайындап, озық тәжірибені насихаттап, оны өзге білім ұйымдарына таратып келеді. – Ұстаз бен шәкірттің шығармашылық бірлестігі көрермендер тарапынан жоғары бағалануда.Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Ол үшін бірінші шығармашылыққа бет бұрған оқушының отбасымен қосымша білім беру педагогінің тығыз байланысы, ынтымақтастығы бірінші орынға шығады. Өйткені шығармашыл тұлғаның қалыптасуына педагогпен қатар отбасының әсері жоғары. Егер отбасы дарынды баланы толық қолдамаса, онда баланың шығармашылық қабілеті шыңдалмайды. Баланың шығармашылық жетекшісі балаға жақсы білім бергенімен, отбасындағы қолдау шешуші рөл атқарады. Сондықтан шығармашылық орталық (қосымша білім беру) дарынды оқушымен жақсы нәтижеге жетуі үшін оның отбасымен байланысын үзбеуі керек. Байланыстың дұрыс жолға қойылуы педагог пен ата-ананың ынтымағында. Сондықтан да орталықта ата-аналармен байланыс жүйелі, жоспарлы түрде жүргізіледі. Ата-аналарға арналған тренинг, дөңгелек үстел, ашық алаң мен шығармашылық кеш өткізіліп, педагогикалық, психологиялық кеңес беріледі. Мұндай мазмұндағы жұмыстың барлығы ата аналармен бірлесе отырып, кәсіби бағдар беруге негізделе атқарылады, – дейді Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы. Орталық басшысының айтуынша 2022-2023 оқу жылынан бері орталықта пәндік үйірмемен қатар ұлттық бірыңғай тестілеуге, олимпиадаға дайындық жасауға бағытталған тарих, математика, биология, химия, информатика, география, ағылшын тілі пәні бойынша топтар жұмыс жасайды. Білім беру бағдарламасы мектеп базасының тақырыптарымен жаңартылған бағытта дайындалады. Қазіргі уақытта бұл топтарда 330-дан аса шәкірт білім алуда. Қосымша білім беру саласында оқушыларға кәсіби бағдар берумен қоса, ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына да дайындаудың жолға қойылуы шәкірттерге олардың мамандық таңдаудағы мақсатына жетуіне оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар орталықта республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, оған оқушылар үздіксіз қатыстырылып, тәрбиенің негізі болып табылатын жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықты адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдығын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Тәрбие концепциясын үздіксіз жүзеге асыру мақсатында Оқушылар Сарайы ұжымы жазғы демалыс уақытында да балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық және ыңғайлы ортада тиімді демалыс өткізуін, физикалық және рухани дамуын жетілдіру мақсатында «ZHAZGY TIME» танымдық мектебін жүргізіп келеді. Өткен оқу жылында жаз айларында жүргізілген «Каникулда да біргеміз!» жобасы да ата-аналар мен балалар көңілінен шығып, оң бағасын алды. Қазіргі таңда Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы техника мен ақпараттық технологияның дамуы үздіксіз зерттеу мен ізденісті қажет ететінін негізге ала отырып, цифрлық тұрғыдан сауатты және жан-жақты жас педагогтермен ұжымның педагогикалық қатарын толықтырып, заман талабына сай жұмыс жасауды қарқынды жүзеге асыруда. Қосымша білім беру саласының педагогтары шығармашылық алаң қалыптастырып, өз жұмыс тәжірибесін алмасу үшін ғалымдар мен практик-педагогтер ортасында өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп келеді. «KazRobotics» федерациясының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, облыстық оқу орталығының (Әдістемелік кабинет), «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының жоспарына сәйкес педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында А.Төлегенова, Р.Сариев, Б.Накишева, Б. Қадырбеков, А.Бердеева, О.Абдуллаев, Б.Раушанбек спикер, модератор ретінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, Оқушылар сарайының республика бойынша әдістемелік деңгейінің жоғары болуына атсалысып келеді. Қосымша білім беру орталығы оқушыларға таным көкжиегін кеңейте білім беріп, өнерге баулып, кәсіби бағдар берумен қатар, бала жастан ел тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеп, ұлттық құндылықты ұрпақ бойына сіңіру жолында еңбек етуде. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз айтқандай, еліміздің болашағы саналатын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде педагог еңбегінің үлес салмағы орасан. Ұстаздар еңбегінің нәтижесі болашақ ел мерейін үстем қылатын жас ұрпақ жетістігінен айқындалады. Қосымша білім беру педагогы — тұлғаның талантын, ақыл-ой мен дене қабілеттерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін білікті педагог, сонымен қатар балалар орталықтарында, мәдениет сарайларында және т.б. қосымша білім беру курстарын/үйірмелерін жүргізеді. Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады, балалармен және жасөспірімдермен пәндік жеке немесе топтық жұмыстарды жүргізеді.
Мамандық қызықты және қосымша білім беру педагогтарының мұғалімнен айырмашылығы — есеп беру құжаттарын аз дайындайтындығында және сабаққа баға қоймайтындығында. Алайда оларға білім алушылармен практикалық жұмыс жүргізуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қызмет түрлерінің үнемі өзгеріп отыруы қосымша білім беру педагогының барлық талантын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Олардың міндеттеріне мыналар жатады:
— жұмыс бағыты бойынша сабақты жоспарлау және өткізу;
— сабақ барысында балаларға қарау;
— ата-аналармен жұмыс.
Жұмыстың бірінші жылы оқытатын пәніне байланысты орташа жалақы 100 мың теңге аралығын құрайды.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе — 3 жыл.
Осы саланың маманы командада жұмыс істей білуі керек, өзін-өзі ұйымдастыру және өздіген білім алу қабілетіне ие болуы тиіс, шығармашыл, белсенді болуы керек және балаларды жақсы көруі міндетті.
Жас маман әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Оқутышының бойында мәдениет пен коммуникативті қабілеттің деңгейі жоғары болуы қажет. Оның міндеті — әр баланың бабын таба отырып, оны мектепке бейімдеу, оқыту процесі мен оның қажеттілігі туралы түсініктің негіздерін беру.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply