Шымкентте бастауыш білім беру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар

Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі — МЖМБС) жобасын әзірледі. Алтынсарин академиясы МЖМБС жобасын әзірлеуді екі жыл бойы педагогикалық және сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, депутаттармен талқылай отырып әзірледі. МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 оқу жылына жоспарланған. МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге баса мән берілген. Білім берудің инклюзивті тәсілін арттыруға және МЖМБС тиімділігін бағалауға бағытталған бірден бірнеше норма енгізілді. Сонымен қатар «Әлеуметтік GPA» жаңа ұғымы да қосылды. Жаңа МЖМБС жобасында пәндер және сағаттар саны сақталады. МЖМБС талаптары оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылау, педагогтерді аттестаттау, оқыту нәтижелерін бағалау, қорытынды аттестаттау және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде міндетті болып табылады. Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді, цифрландырудың, жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Естеріңізге сала кетейік, қазір қолданыстағы МЖМБС 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген еді. Қазіргі жаһандық қоғам үшін орта білім сапасы нәтижелі білім берудің табыстылығын анықтауға қажетті квалиметриялық өлшемдік категориялардың бірі болып табылады. Осы орайда Шымкент қаласының мектептерінде бастауыш базылық білім беруді жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың саны аз емес.  Оқушылардың білім деңгейін бағалаудың өлшенген және өлшенетін сапалық көрсеткіштермен сипатталуы орта білімнің өзектілігі мен маңыздылығына, оқушылардың қазіргі икемді дағдыларға бейімделуіне және инновацияға бағдарлана алуға деген мүдделіліктеріне байланысты. Бұл орайда Шымкент қаласының білім басқармасы мектепте сапалы білім беру бүгінгі күннің қажеттіліктерін емес, өзгермелі қоғамның болжамды қажеттіліктерін көрсететін ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғандықтан жаңа сапаға қол жеткізу үшін білім беру ұйымы мен білім беруді басқару құрылымында болып жатқан өзгерістерді тез қабылдауға қабілетті болуы керек. Соңғы жылдары «білім сапасы» түсінігі мемлекеттік саясат саласына ауысып, сонымен қатар қоғамдық және ғылыми талқылаулардың тақырыбына айналғаны мәлім. Қазақстан Республикасының 2021 – 2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру; орта білім беру сапасын арттыру; Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту (PISA), мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету көзделген . Аталған мақсаттың жүзеге асуында еліміздің жалпы орта білім беру жүйесінің қызметі дәстүрлі «білім – білік – дағды» парадигмасынан қазіргі «нәтижеге бағдарланған білім беру» парадигмасына көшуге басымдылық беріледі. Осыған орай, орта білім берудің әдіснамалық тұғырларының контекстінде білім сапасы әр мемлекеттің үздіксіз білім беру жүйесінің жаһандану жағдайындағы модернизациялануындағы, білім беру мекемелерінің әлеуметтік трансформациялануында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға басымдылық танытуы, сонымен қатар әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы сипатында дамуымен ерекшеленеді. Яғни, еліміздің мектептік білім беру мекемелеріндегі білім сапасын анықтау мен оның тиімділігін тәжірибеде тексеру, білім мазмұнын жетілдіру, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру білім сапасының нәтижесін болжаумен дәйектелетіні анық. Сапалы білім берудің басым бағыттары мемлекеттік ресми-нормативтік құжаттарда қарастырылады. Мектептегі білім беру сапасын бағалау тәсілдерін әзірлеу халықаралық, ұлттық және аймақтық зерттеулер жүйесі мен білім беру сапасын бақылау жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Осылайша, тәрбиешілердің, зерттеушілердің және мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдердің білім беру сапасын бағалау мәселелеріне деген назары артуда. Сапаны қамтамасыз ету саласында эксперименталды жұмыстар кеңінен жүргізіліп, оның нәтижелері талданып келеді. Мәселен, бұл орталықтандырылған тестілеу, бірыңғай мемлекеттік емтиханды өткізуге 7 арналған тәжірибе, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау жүйесін енгізу, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде мектеп білімінің жаңа үлгілерін бағалауға арналған көптеген ғылыми және практикалық әзірлемелер жарық көрді. Сонымен, білім беру сапасын бақылау және бағалау қазіргі заманғы тиімді білім берудің құрамдас бөлігі ретінде анықталған. Педагогика саласындағы зерттеушілер білім беру жүйесінің сапасын, жеке оқушының дайындығын және оқушылардың жалпы жетістіктерін бағалаудың маңыздылығын мойындады. Оқу процесінің құрамдас бөліктерінің әрқайсысы өз құралдарын әзірлеуді талап етеді. Халықаралық зерттеулерді талдау көрсеткендей, ұлттық білім беру жүйесіндегі оқу процесін бағалаудың тұтастығы, ең алдымен, бұл мәселені педагогикалық мәселе ретінде қарастыру кезінде білім сапасының теориялық және әдіснамалық негіздерін таңдау арқылы анықталады. Осыны ескере отырып, білім беру сапасын бағалау мәселесіне қатысты көзқарастарды отандық педагогиканың тәжірибесі мен дәстүрлері тұрғысынан қарастыру қажет. Жоғарыда аталғанға қоса, қазіргі уақытта облыстық білім басқару департаменттерінде білім беру сапасын бағалау және басқару тетіктері де бар, білім беру сапасын бағалаудың объективтілігін арттыруға жұртшылық пен қоғамдық бірлестіктерді тарту тәжірибесі де кең тараған. Осыған орай, таңдаған тақырыптың өзектілігі сапаны қамтамасыз етуде өнірдің, мектептің ішкі резервтерін пайдалану, ішкі резервті бағалау индикаторларын жалпы білім беру сапасын диагностикалау құралы ғана емес, сонымен қатар білім беру саясатына басқарушылық ықпал етудің жеткілікті күшті құралы болып табылатындығымен расталады және оларды бағалаудың тірек базасын анықтаумен байланысты. Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазақстан Республикасының білім берудің  дамытудың мемлекеттік бағдарламасына  сай қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті- білім беру мазмұны мен құрылымын жаңарту, яғни жаңа мазмұнда білім беру моделін құрастыру. Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады. Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру. Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой — талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Білім сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері болуы тиіс: • басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту; • білім сапасын диагностикалау; • оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту; • білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу; • білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру; • білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану; • ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру; Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді. Қаламызда білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда. Білім сапасын арттыру бағытында ғы бағдарламада: • жеке тұлғаны, яғни дарынды шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны  қалыптастыру  үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилерді тегін балабақшамен қамтамасыз ету; • ШО пен МАД топтарын оқу-әдістемелік және ақпараттық — техникалық құралдармен жабдықтау; • бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтыру; • дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу; • ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастықтың жүргізілу формаларын әрбір мұғалімге мңндеттеу; • барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету; • педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру ұшін қайта даярлау курстарын енгізу; • оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемалардыөздігінен шеше білуге тәрбиелеу; • гуманитарлық  таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту; • сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану; • пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу; • математика пәндері бойынша сағат санын көбейту; Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады: • тұлғаны дамыту; • педагог мәртебесін көтеру; • оқытып-үйрету әдістері; • іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық; • оқушы позициясы; • жаңа ақпараттық-технология; • бәсекеге қабілеттілік; Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге оңды ықпал етеді.

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика