ТҮРМЕГЕ ЖАСАЙТЫН ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ӘЙЕЛДЕРДЕН НЕГЕ АЯЙМЫЗ?

       Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов  қазір әйелдер мен балаларға қарағанда, түрмедегілерге жақсы жағдай жасалған дейді.

tories/arest.jpg» width=»250″ height=»166″ alt=»arest» style=»float: right;» />

       Бүгінде Қазақстан түрмелерінде 58 мың адам отыр. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов Мәжіліс депутаттары алдында есеп берген кезде олардың әрқайсысына ай сайын бюджеттен  57 мың теңге жұмсалатынын айтты.    Қарап отырсаңыз, зейнеткерлердің көпшілігінде мұндай зейнетақы жоқ, әйелдерге берілетін мұндай жәрдемақы жоқ. Түрмедегілердің 5 пайызы ғана жұмыс істейді, қалғандары жұмыссыз.

       Отырғандардың 80 пайызы 40-қа жетпеген, тепсе темір үзетін жігіттер. Соларды асыраймыз, жағдай жасаймыз, әйелдерге келгенде тарылып қаламыз.   Мәселен, бір жасқа дейінгі баланы күту үшін әйелдерге ай сайын берілетін жәрдемақы көлемі – 9521 теңгеден 14 714 теңгеге дейін ғана. Ал  түрмедегі бір адамға –57 мың теңге?! Бұл  қай қисынға келеді?

       Тұрғын үйлер қымбат дейміз. Оны арзандатудың бір жолы – түрмеде бос жатқан адамдарды текке қамап, ұстап отырғанша, әкеліп жұмыс істету керек қой. Оларға да жақсы, ақша табады, отбасына жібереді.  Еңбекпен түзеу деген осы емес пе?

       Түрмедегілер біз төлеген салық есебінен ұсталып отыр. Қыруар қаржы құмға сіңген судай болуда. Ал енді Американың тәжірибесін алайық. Онда адам түрмеде отырғаны үшін ақша төлейді. Біздегі кейбір түрмелердегі жағдай  студенттік жатақханалардан жақсы. Тамағы тоқ, асты таза… Үйреніп алғандар түрмеден шықпайды, бәрі тегін.  Жалқаулыққа үйрететін бұл қандай түзеу мекемесі сонда?

       Ғабдул МЕРҚҰРМАН.


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика